Бастысы жолаушының амандығы - жолсерік келіншек
Зәмзәгүл Ізімгерейққызы 1976 жылы 14 сәуірде БҚО Ақжайық ауданы Базартөбе ауылында дүниеге келген. 2014-2016 жыл аралығында Астанада жолсерік мамандығы бойынша білім алып,алғашқы еңбек жолын Орал қаласының теміржол вокзалында бастайды, деп хабарлайды Elorda.info.
-Зәмзәгүл ханым, жолсерік болуды армандадыңыз ба? Бұл салаға қалай келдіңіз?
-Негізінен нағашы әулеттен бұл кәсіп ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келеді. Осы салаға келуіме анам себепкер болды. Биыл теміржол бойында жүргеніме 11 жыл болады.
-Жолсерік әйелдің бір күндік жұмыс күні қалай өтетіндігі бізге қызық.Бөлісе кетсеңіз.
-Таңертең 6-да жұмысқа барамын,7-де вагонды даярлап, кейін жолаушыларды отырғызу уақытына әзірлік басталады. Регламенттарды іліп, кестелерді қараймын. Жолаушылардың билеттерін тексеріп, жүктерін көтеріп кіргіземін, ас ішетіндерге шәйін апарамын. Қысты күндері қараңғы болғандықтан кей кезде машинистқа жарық жағып, сары флажокпен жолға шығарып саламын. Билеттерді тексереміз.Себебі жолаушылардың саны бәрі дұрыс болуын қадағалауымыз қажет.
-Кез келген жұмыстың қызығы мен шыжығы қатар жүретіні анық. Жолсерік болудың қандай қиыншылықтары мен артықшылықтары бар?
-Жұмыстың бір қиыншылығы ол тәртібі шығар, қыс демей, жаз демей жұмыстамыз. Түнгі кезекшілікте де жолаушылардың ұйқысын күзетеміз. Түрлі мінезді жолаушылар болады. Олармен тіл табысу кейде қиынға соғады. Ашуға берілмеуге тырысамыз, өйткені олардың қауіпсіздігі мен жақсы көңіл күйі біздің қамқорлығымызда. Ал, артықшылығынатоқтала кетсем, бұл салада ерінбей еңбектенген адамның еңбегі еленбей қалмайды. Жұмыс барысында кей жолаушылардың арасында тосыннан өлең шығарып, гитарасымен ән шырқайтын өнер де көп кездеседі. Мейрам уақытында ер-азаматтар бізді құттықтаулармен қуантып, ерекше құрметке бөлейді.
-Нәзік жандылардың ерлермен қатар теміржолда қызмет етуінің қандай қиыншылықтары бар?
-Шыны керек, әйел баласының бұл салада жүруі оңай емес. Отбасынан жырақта қызмет ету үнемі уайымға салдырады. Жұмысымды жақсы көремін, сол үшін де ештеңеге қарамастан сүйіп жасаймын.
-Қазіргі теміржол саласының жұмысы мен осы салада маман даярлау мәселесін қалай бағалар едіңіз?
-Бүгінде теміржолшылар үшін жақсы жағдайлар жасалған. Жұмыс орны жайлы әрі таза, қыста жылы. Мүмкіндігі шектеулі,көпбалалы отбасыларға билет жеңілдіктері беріледі. Сала жұмысы қарқынды даму үстінде. Қазіргі уақытта теміржол саласында мамандар өте тапшы. Қызметтің бір парасы техникалық терең біліммен атқарылады. Жастарды осы кәсіпке даярлау жоғарғы оқу орындарында білікті жүргізілуі керек деп санаймын.
-Сұхбатыңызға рахмет!
Аяулы жар, бүгінде 1 ұл 2 қыз тәрбиелеп отырған ардақты ана Зәмзәгүл Ізімгерейқызының айтуынша теміржол бойындағы тынымсыз жұмыста қауіпсіздік басты орында. Жолаушының амандығы-басты аманат. Елдің батасын алу, ықыласына бөлену-жолсерік әйел үшін басты құрмет!
Гүлжанат Асылбекова
-->-Зәмзәгүл ханым, жолсерік болуды армандадыңыз ба? Бұл салаға қалай келдіңіз?