Балаларды отбасына орналастырудың жаңа түрі енгізіледі
Бүгіннен бастап Қазақстанда балаларды отбасына орналастырудың жаңа түрі – кәсіби қабылдаушы отбасы енгізіледі, деп хабарлады Elordainfo.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
Бұл – ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін қауіпсіз әрі жайлы үй жағдайын қамтамасыз етуге бағытталған уақытша, бірақ маңызды қадам.
Кәсіби қабылдаушы отбасылар бір уақытта төрт балаға дейін тәрбиелеуге мүмкіндік алады.