Әлеумет

БАҚ өкілдері үшін волонтерлік жобаларды жариялау бойынша семинар өткізіледі

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі үстіміздегі жылдың 21 қарашасында «Ұлттық волонтерлер желісі» ЗТБ-мен бірлесіп БАҚ өкілдері үшін волонтерлік және әлеуметтік жобаларды әдепті жариялау бойынша семинар өткізу жоспарланғанын мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Оқытуда әлеуметтік, волонтерлік, қайырымдылық жобаларын жариялау тетіктері мен принциптері талқыланады. БАҚ өкілдері сезімтал ақпаратпен жұмыс істеудің этикалық нормаларын ескере отырып, еріктілермен, ұйымдармен өзара іс-қимылдың теориялық және практикалық құралдарын талдауға мүмкіндік алады. Сонымен қатар, семинар тыңдаушылары әлеуметтік маңызды жобаларды сапалы қамту үшін практикалық ұсыныстары бар жадынамалар алады», - делінген хабарламада.

Оқыту іс-шарасы өтетін мекенжай:  Астана қаласы, «Нұрлы Орда» БО Қабанбай батыр даңғылы, 11/5, 6 қабат. Семинар 21 қарашада сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін қазақ тілінде, ал 15.00-ден 17.00-ге дейін орыс тілінде өтпек.