Бүгін – Ұлттық басылым күні
Бүгін – Ұлттық басылым күні
Қазақстандағы мерекелік күндер тізбесінің құрылымына енген жаңа мерекелік күн туралы баспасөз зерттеушісі Абай Мырза да пікір білдірді.
«Астана ақшамы» газетінің бас редакторы Еркін Қыдыр бұл күн қазақ жерінде бір ғасырдан астам шығып келе жатқан дәстүрлі газет-журналдардың мерейін тағы бір асқақтатты деген ойымен бөлісті.
Естеріңізге сала кетейік, тұңғыш ұлттық басылым шыққан күнді ұлықтайтын дәстүр қырғыз, қалмақ, саха, әзербайжан халықтарында да бар.
Дариға ҚҰРМАНАЛЫ
-->Бұл бастама қазақтың көзі, құлағы һәм тілі қызметін адал атқарып, дара жол салып кеткен басылымды бағалауы, оны шығару жолында басын тауға да, тасқа да соққан, қайтсек ұлттың көсегесін көгертеміз деген ұстанымы үшін тауқымет шеккен Алаш қайраткерлеріне, олардың ұрпақтары мен мұрасын зерттеушілерге үлкен ілтипат. Сондай-ақ, Әділетті Қазақстанның зор жеңісі деп білеміз. Ендігі жерде елдің бұқаралық ақпарат құралдары «Қазақ» газетін үлгі тұтып, халқымыздың бірлігі мен берекесін арттыруға, қиындықпен келген азаттығымызды баянды етуге жұмылса, кәсіби деңгейін, мемлекетшілдігін көрсетер еді, - деді Қайрат Сақ.
Қазақстандағы мерекелік күндер тізбесінің құрылымына енген жаңа мерекелік күн туралы баспасөз зерттеушісі Абай Мырза да пікір білдірді.
ХХ ғасыр басындағы қазақ ұлттық баспасөзінің қалыптасу тарихына ықпал еткен «Қазақ» газетінің 110 жылдық белесі - айтулы оқиға. Жұрттың білімді, айтары бар, көргені көп көсемдері, оқығаны көп ғалымдары осы газет арқылы халықтың алдына шығып, жол көрсетіп, жөн сілтеп басшылық етті. Сол жолда құрбан болды. Кешегі Алаш аманаты – бүгінгі тәуелсіз Қазақстан. Басылым күні азаттық жолында басын қатерге тіккен барлық Алаш қайраткерлерін ұлықтау деп түсінемін. Төл тарихымыздан лайықты сабақ алсақ, тәуелсіздігіміз тұғырлы, елдігіміз ғұмырлы болады, - деді Абай Мырза.
«Астана ақшамы» газетінің бас редакторы Еркін Қыдыр бұл күн қазақ жерінде бір ғасырдан астам шығып келе жатқан дәстүрлі газет-журналдардың мерейін тағы бір асқақтатты деген ойымен бөлісті.
Бүгінде «басылымдарды ешкім оқымайды», «газеттер жабылады» деген жаңсақ пікірлер көп айтылып жүр. Алайда, мәдениеттің, руханият пен саясаттың бір бөлшегі ретінде адамды қалыптастыратын басылымдар заманға сай дамып жатыр. Атаулы датаның белгіленуі соның айғағы, - деді Еркін Қыдыр.
Естеріңізге сала кетейік, тұңғыш ұлттық басылым шыққан күнді ұлықтайтын дәстүр қырғыз, қалмақ, саха, әзербайжан халықтарында да бар.
Дариға ҚҰРМАНАЛЫ