Әлеумет

Бүгін елімізде Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды

Биыл еліміздегі білім беру ұйымдарын 216 мыңға жуық түлек тәмамдаса, соның 85 пайыздан астамы ҰБТ-ға қатысуға ниет білдіріп отыр. Науқан 7 шілдеге дейін жалғасады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Алғашқы күннің өзінде республика бойынша 4 500-ден астам оқушы тест тапсырып жатыр. 

Қауіпсіздік шаралары күшейтілген. Талапкерлерге телефон, шпаргалка сияқты тыйым салынған заттарды алып кіруге рұқсат жоқ. Арнайы тексеру бекеттерінде әрбір үміткер мұқият бақылаудан өтті.

Тестілеу форматы өзгеріссіз қалды:

- 5 пән,

- барлығы 140 сұрақ,

- жауап беруге 4 сағат уақыт қарастырылған.