Әлеумет

Азық-түлік еліміздің қай өңірінде арзан

Ұлттық статистика бюросы осы аптадағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының орташа бағаларын жариялады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 атау кіреді.

Бірінші сортты бидай ұнының бағасы Астанада осы аптада өзгеріссіз қалды, бір келісі -  285 теңге. Ал Республика бойынша ең қымбаты Ақтауда, оның бағасы – 308 теңге. Ал ең арзаны Петропавлда, бұл қалады  бірінші сортты бидай ұны дүкендерде – 150 теңге.

Ал бірінші сортты бидай ұнынан пісірілген нан елордада 209 теңгеден сатылып жатыр. Еліміз бойынша ең қымбат нан Жезқазғанда сатылуда, бір бөлкесі – 258 теңге. Ал ең арзан нан бағасы Ақтөбеде тіркелді, онда ас атасы -158 теңге тұрады. 

Елордада өлшеніп салынатын макарон өнімдерінің бір келісі 336 теңге. Ең қымбаты Атырауда тіркелді, онда 382 теңге тұрады, ал ең арзаны Петропавл қаласында байқалды, бір келісі – 254 теңге.

Өлшемелі күріштің бағасы елордада 419 теңгеден сатылуда.  Жалпы еліміз бойынша ең арзан күріш – Қызылордада, оның бағасы – 378 теңге. Ал ең қымбат күріш бағасы Семей қаласында байқалды, онда бір келі күріш – 478 теңге.

Осы аптада өлшеніп салынатын қарақұмық бағасы тұрақты.  Астана бір келі қарақұмық 181 теңге тұрады. Өңірлік бөліністе ең қымбат қарақұмық Талдықорған қаласында тіркелді, оның бағасы – 227 теңге. Азық-түліктің бір түрі Павлодар қаласында арзан, бір келісі – 155 теңге.
Ең қымбат күнбағыс майы елордада сатылып жатыр, бір литрі -  853 теңге болды. Ал ең арзаны – Қызылордада, оның бағасы - 707 теңге.

Ал тұздалмаған сары май Түркістан қаласында арзан, бір келісі – 3796 теңге. Ең қымбат сары май Ақтау қаласында тіркелді, оның бағасы – 6177 теңге. Елордада сары майдың бір келісі 5295 теңге тұрады.

Ең қымбат сиыр етінің жауырын-төс бөлігі Ақтау қаласында байқалды, онда бір келісі – 3075 теңге.  Ең арзан баға Оралда, онда 2466 теңге. Ал елордада сиыр етінің бір келісі – 3009 теңге.

Осы аптада тауық етінің бағасы тұрақты болды. Елордалықтар тауық етінің бір келісін 1567 теңгеге сатып алды. Ал Семейде бұл өнім арзан, онда баға – 1215 теңге. Ал ең қымбаты – Жезқазғанда тіркелді. Аталған қла тұрғындары  еттің бұл түрін 1618 теңгеден сатып алды.

Майлылығы 2,5% пастерленген сүттің Көкшетауда арзан, бір литрі -  303 теңге. Ал ең қымбаты Алматыда байқалды, онда - 468 теңге. Ал бас қалада сүт – 413 теңге.

Майлылығы 2,5% айранның бір литрін елордалықтар 412 теңгеге алды. Ең арзаны Талдықорғанда, онда айран 358 теңге тұрады. Ең қымбат айран Өскемен қаласында тіркелді, онда бір литрі – 505 теңге.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік қатарында сүзбе де бар. Елордада оның бір келісі 2520 теңгеден сатылды. Өңірлер бойынша ең қымбат сүзбе Ақтау қаласында байқалды, онда 2884 теңге тұрады. Ал ер арзан сүзбе Петропавлда сатылды, бір келісі – 1622 теңге.

Көкөністердің ішінде картоптың бағасы Астанада 230 теңгеден болды. Ел бойынша оның ең қымбаты Жезқазғанда, ал ең арзаны Петропавлда сатылды. Бұл өңірлерде картоптың бағасы – 298 және 182 теңге.

Сәбіз елордада 127 теңгеден сатылып жатыр. Ең қымбат сәбіз Жезқазғанда, 194 теңгеден. Ал ең арзан сәбіз Қарағандыда, 121 теңгеден.

Елордадағы пияздың бағасы 141 теңгеден сатылуда. Ең қымбат пияз Ақтауда, ал ең арзаны Таразда. Яғни, 158, 103 теңгеден.

Астанада қырыққабат 193 теңгеден. Қонаевта қырыққабат ең жоғары баға - 220 теңгеден сатылып жатса, Қостанайда төменгі бағамен, 151 теңгеден сатылып жатыр.

Бас қалада құмшекер 397 теңгеден. Талдықорғанда құмшекердің бағасы 421 теңгеден, ал Оралда 364 теңгеден.

Елордада жұмыртқаның бағасы 612 теңге. Сәйкесінше ең қымбаты да бас қалада. Ал Петропавлда жұмыртқа бағасы барлық қаладан арзан, 471 теңгеден.

Астанада тұз 89 теңгеден. Ең арзан тұз Ақтөбеде, 56 теңгеден. Ал қымбат тұз Алматыда, 99 теңгеден.