Қазан айында 389 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетіледі
2024 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 73,4 мың отбасындағы 389,1 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, биыл осы мақсатқа бюджеттен 55,9 теңге қарастырылған.
АӘК-нің негізгі мақсаты – ақшалай төлем түрінде қолдауды іске асыру және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту арқылы отбасын қиын өмірлік жағдайдан шығару.
АӘК мыналарды көздейді:
- табысы өңірлік ең төмен күнкөріс деңгейінің 70%-нан аспайтын азаматтарға тоқсан сайын әлеуметтік көмек тағайындау;
- табысы аз отбасылардағы 1 жас пен 6 жас аралығындағы әр балаға 1,5 АЕК (5 538 теңге) мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем беру. 2024 жылғы 1 қазанға АӘК алушылар қатарынан мектеп жасына дейінгі 120,4 мың балаға 4,2 млрд теңге сомасына қосымша төлем тағайындалды;
- жұмысқа орналастыру, өз ісін ашуға ниетті отбасыларға гранттар беру, біліктілікті арттыру курстарына жіберу (қажетіне қарай) және басқалар арқылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу.
Қазіргі уақытта қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша мансап орталығына, ауыл округінің әкіміне жүгіну немесе Электрондық үкімет порталы (egov.kz) арқылы бере алады.