Қазақстандықтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 74 жасқа жетті
Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.
Денсаулық сақтау министрі мәлім еткендей, Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, елімізде денсаулық сақтаудың негізгі медициналық-демографиялық көрсеткіштерінің оң серпіні байқалады.
Оның айтуынша, нәресте өлімі 10,2%-ға азайған. Ана өлімінің көрсеткіші 2022 жылмен бір деңгейде, яғни 2022 жылғы 8 айда – 11,4 және 2023 жылдың сәйкес кезеңінде осы деңгейде тіркелді.
-->Денсаулық сақтау министрі мәлім еткендей, Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, елімізде денсаулық сақтаудың негізгі медициналық-демографиялық көрсеткіштерінің оң серпіні байқалады.
2023 жылдың 7 айында былтырғы жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда халықтың жалпы өлім-жітім көрсеткішінің 7,4%-ға, соның ішінде қан айналымы жүйесі ауруларынан 7,4%-ға, қатерлі ісіктерден 1,8%-ға, тыныс алу ағзаларының ауруларынан 4,9%-ға, туберкулезден 20%-ға өлім-жітім төмендеді, – деп мәлім етті министр.
Оның айтуынша, нәресте өлімі 10,2%-ға азайған. Ана өлімінің көрсеткіші 2022 жылмен бір деңгейде, яғни 2022 жылғы 8 айда – 11,4 және 2023 жылдың сәйкес кезеңінде осы деңгейде тіркелді.