Әлеумет

Қазақстандықтар жалған ақпаратты Facebook-те жиі таратады

Былтыр еліміздегі интернет-платформаларда жалған ақпарат тартудың 278 фактісі анықталған. Мұндай деректер Мәжілістің қарауына енгізілген «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне онлайн-платформалар және онлайн-жарнама мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында жазылған, деп хабарлады Elorda.info.

Осыған байланысты депутаттар бастамасымен Әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне жаңа 456-2-бабы (Жалған ақпаратты орналастыру, тарату) енгізілмек. Онда блогерлер мен ақпараттық порталдар тарататын жалған ақпарат үшін айыппұл салу көзделген.

-->

2022 жылы ақпараттық кеңістікке мониторинг жүргізу барысында Талдау және ақпарат орталығы жалған ақпарат таратумен байланысты 278 бұзушылықты анықтады. Оның 247-і kaztag.kz, caravan.kz, ulusmedia.kz және басқа да сайттарда таратылған. Ал Facebook желісінде - 83, Instagram желісінде - 74, Telegram желісінде - 56, Tiktok желісінде - 7, Youtube хостингінде - 27, интернет-ресурстарда таратылған 31 жалған ақпарат бар. Мәселен, 2022 жылы ҚР Ішкі істер министрлігіне жалған ақпарат таратудың 195 жағдайына қатысты хабарлама хаттар жолданды. Жалған ақпараттың (фейк ақпарат) таралу фактілері барған сайын кеңінен тарала бастағанын ескере отырып, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, айыппұл түріндегі санкцияны анықтай отырып, бір жыл ішінде қайталап жалған ақпарат таратқаны үшін әкімшілік жауаптылықты белгілеген жөн, - делінген құжатта.