Әлеумет

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарынан тұрғын үй мен емге 3,8 трлн теңге алған

2021 жылғы қаңтардан бастап биылғы 1 қаңтарға дейін «БЖЗҚ» АҚ салымшылардың тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін зейнетақы жинақтарын пайдалануға берген 1 453 904 өтінішінін мақұлдады. Осылайша уәкілетті оператор-банктерде ашылған арнайы шоттарға 3,3 трлн теңгеден аса қаржы аударылған.

Қазіргі кезде зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалануға берілген өтініштерді қабылдайтын уәкілетті оператор-банктердің қатарында «Отбасы банк «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, «Қазақстан Халық банкі» АҚ, «Altyn Bank» АҚ, «Банк ЦентрКредит» АҚ және «Банк Фридом Финанс Қазақстан» АҚ бар.

Ал емделу үшін жалпы сомасы 419,3 млрд теңге болатын 477 866 өтініш қанағаттандырылды. Алынған соманың орташа мөлшері 0,88 млн теңге.

Өтініштердің 96,5% стоматологиялық қызметке, ал 2,5% офтальмология бойынша берілген. Қалған медициналық бағыттарға зейнетақы жинақтарының шамамен 1% пайдаланылды.

-->

Біржолғы зейнетақы төлемдерінің орташа сомасы шамамен 2,3 млн теңге. Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға берілген өтініштердің көбі Алматы  (18,5%), Астана (14,1%), Маңғыстау облысының (10,1%) тұрғындарынан түсті, - деді «БЖЗҚ» АҚ баспасөз қызметі. 