Қазақстандықтар неге «жұмақ өмірді» жат жұрттан іздеп жүр?
Соңғы кезде ел азаматтарының шетелде жұмыс істеп жүргенін әлеуметтік желіден жиі естіп, көретін болдық. Алайда бұл тенденция биыл ғана басталған жоқ, жұмысшы күшінің сыртқа ағылғанына бақандай он жылдың қарасы болған. Ал адам капиталының, ақыл-ой көшінің мұхит асқаны туралы өз алдына бөлек әңгіме. Біздің айтып отырғанымыз, қара жұмысқа жегіліп жатқан қазақтар. Терминшілесек, гастербайтерлер, деп жазады Elorda.info.
Осыған дейін жақын шетелдегі жұмыс күші өз елдерімен салыстырғанда мол табыс табу үшін құрылыс, қызмет көрсету бойынша Қазақстанның есігін қағатын болса, енді өз отандастарымыз шетелге нәпақа табу үшін жөңкіле бастағаны ойлантады. Әрине, жақсы өмірден қашпайды, күнкөріс қамы үшін ғой.
Оларды көбіне қол бұлғап шақырып отырған Англия, Канада, Оңтүстік Корея сияқты елдер, іргеміздегі Ресейге де екі қолға бір күрек табылар деп алты айлап жұмысқа кетіп жатқандар күні бүгінге дейін бар. Иә, ол жақта көбіне бау-бақшалы алқаптар мен плантацияларда жұмысшы күші жетпейді, яғни жергілікті халық мұндай қара жұмысқа бармайды. Біздегі сияқты ғой, ауыл шаруашылығы ұйымдары күзгі жиын-терінде егіс алқаптарындағы өнімді жинайтын адам таппай, Өзбекстан, Қырғызстан, Қарақалпақстан сияқты елдерден арзан жұмыс күшін тартпай ма? Тек бір айырмашылығы – жалақыда.
Бізде бір айда күннің астында қан-сорпа болғаның үшін 100 мың теңге көлемінде ақша төлесе, шетелде 1 миллион теңгеге дейін жалақы береді. 2021 жылғы ашық ақпарат көздерінің мәліметіне иек артсақ, мәселен, Оңтүстік Корея еліне отандастарымыз 2014 жылдан бастап ағыла бастапты. Екі жыл бұрын ондағы қазақстандықтардың саны 35 мыңға жеткен, бейне шағын бір қала үдере көшіп кетті дерсің...
Дегенмен алмақтың да салмағы бар. Шетелге ағылып жатқан еліміздің азаматтары жеке басының қауіпсіздігін, алаяқтардың алдап-арбауына түсіп қалмаудың, елге қайта келудің қамын ойласа етті дейсің.
Ашық ақпарат көздерінің мәліметі бойынша, шетелде «тәртіп бұзды» деген желеумен темір тордың арғы жағына тоғытылған қандастарымыз да аз емес екен.
«Айқын» газетінің зерттеуінше, бірер жыл бұрын шетелде жазасын өтеп жатқан отандастарымыздың саны 820 адамға жетіп жығылған. Ресей түрмелерінде 566, басқа ТМД елдерінде 174, Еуропа мен Америкада 50, Азия, Таяу және Орта Шығыста 30 адам түрмеге қамалған. Instagram әлеуметтік желісінде Кореядағы Қазақ қауымдастығы атты парақшаның әкімшісі «қазақстандықтар көп қылмыс жасайды» деген пікірдің жалғандығын, бұл көбіне Ресей баспасөзінің манипуляциясы болуы мүмкін деген болжамын айтыпты еліміздің мерзімді баспасөзіне берген сұхбатында.
Қош, шетелге шыққандардың ұшырауы мүмкін ең қиын тағдыры туралы айттық. Ендігі айтарымыз, жұмысшы күшінің басым бөлігінің алаяқтарға алданып қалуы. Былтыр маусым айында Ташкент құзырлы органдары шетелге жұмысқа орналастырамыз деп, тұрғындардан елу мың доллар жинап алған алаяқтар тобын анықтағанын хабарлады. Хабарламада алаяқтыққа барған Өзбекстан азаматтарының Батыс елдерінің елшіліктерінде жұмыс істейтін танысы барын, олар виза алуға көмектесетінін айтып, алдын ала төлем жасауды сұрағаны жазылған.
Мұндай жағдай Қырғызстан мен Қазақстанда да тіркелген. Онда алаяқтар мұндай «қызметтерін» негізінен әлеуметтік желіде жарнамалайды. Ресейде жұмыс іздеп жүрген Орталық Азия азаматтары да алаяқтардың құрбанына айналған. Мәселен, Қырғызстаннан шыққан жүз елуден астам мигранттың әрқайсысы Мәскеудегі жеке компанияға 1600 доллар төлеген. Компания оларды Еуропада жалақысы жақсы маусымдық жұмысқа орналастыруға уәде берген. Бірақ олардың бәрі ақшасыз қалған. «Иммиграция 365» деп аталатын компания виза алып, жұмысқа орналастыру секілді қызметтері үшін төлемді алдын ала жасауды талап еткен. Былтырғы алғашқы үш айда Қырғызстан полициясы да иммиграциялық алаяқтық жасау күдігімен 32 қылмыстық іс ашқан. Оның ішінде Еуропа, АҚШ, Канада, Оңтүстік Корея секілді елдерге жалған жұмыс ұсынғандар бар.
Ұлыбритания фирмалары Орталық Азиядағы жұмысшыларды келісімшарт жасасып, ресми тіркелген рекрутерлер іріктеп алғанымен, фирманың атын жамылған алаяқтар нәпақа табамын деушілердің табан ақы маңдай термен жиған пұлын алып, тақырға отырғызған. Қырғызстан мен Өзбекстан полициясы алаяқтар көбіне жұмыс іздеушілерді Ұлыбританияда құлпынай теру жұмыстарына тарту үшін олардан жүз доллардан мың долларға дейін сұрайтын көрінеді.
Осыдан кейін Ұлыбританиядағы кей жұмыс берушілер Орталық Азия тұрғындарына ескерту жасап, алаяқтардан абай болуды сұраған. Fruitful Jobs компаниясы Орталық Азия тұрғындарынан жұмысқа тұру үшін AGRI HR компаниясы арқылы ғана өтініш беруді сұрап, осы агенттікпен ғана жұмыс істейтінін мәлімдепті.
Алаяқтық жағдайларына байланысты Өзбекстанда, Тәжікстанда, Қырғызстан мен Қазақстанда Osrodek HR компаниясының (Fruitful Jobs бекітілген рекрутері) жауапты өкілдігі жоқ екенін хабарлағымыз келеді, - деп ескертіпті аталған компания.
Жақында Instagram желісіне видео жүктеген бірнеше қазақстандықты көзіміз шалды. Олардың бірі Англияда, бірі Кореяда жүр. Жұмыс ауыр болғанымен, ақшасы айына 1 миллионның төңірегінде екенін айтады. Мәселен, Instagram желісі қолданушысы kamok80 сенуге болатын бірқатар компания операторларының тізімін атады. Солардың ішінде жоғарыда аталған AGRI HR, Fruitful Jobs компаниялары да бар.
Салтанат МҰРАТҚЫЗЫ
-->Соңғы кезде ел азаматтарының шетелде жұмыс істеп жүргенін әлеуметтік желіден жиі естіп, көретін болдық. Алайда бұл тенденция биыл ғана басталған жоқ, жұмысшы күшінің сыртқа ағылғанына бақандай он жылдың қарасы болған. Ал адам капиталының, ақыл-ой көшінің мұхит асқаны туралы өз алдына бөлек әңгіме. Біздің айтып отырғанымыз, қара жұмысқа жегіліп жатқан қазақтар. Терминшілесек, гастербайтерлер, деп жазады Elorda.info.