Қазақстандықтар Мейрамгүл Жиенбаеваның отбасына 26 миллион теңге жинап берді
Қазақстандықтар алапат өрт кезінде көз жұмған Новошульбі филиалы Успен орман шаруашылығының басшысы Мейрамгүл Жиенбаеваның отбасына 26 миллион теңге жинап берді, деп хабарлады Elorda.info.
Блогер, қоғам белсендісі Гүлмира Әбдірашева ақша жинаудың аяқталғанын мәлімдеді. Оның сөзіне қарағанда, қазақстандықтардан 22 сағатта 26 миллион теңгеден астам қаржы жиналған.
Бұл қаражат Мейрамгүл Жиенбаеваның балаларына Астана қаласынан пәтер алып беруге жұмсалады.
Мейрамгүл Жиенбаеваның артында 15 жастағы ұлы мен 5 жасар қызы қалды. Марқұм үшінші баласына жүкті болған.
-->Блогер, қоғам белсендісі Гүлмира Әбдірашева ақша жинаудың аяқталғанын мәлімдеді. Оның сөзіне қарағанда, қазақстандықтардан 22 сағатта 26 миллион теңгеден астам қаржы жиналған.
Бұл қаражат Мейрамгүл Жиенбаеваның балаларына Астана қаласынан пәтер алып беруге жұмсалады.
Мейрамгүл Жиенбаеваның артында 15 жастағы ұлы мен 5 жасар қызы қалды. Марқұм үшінші баласына жүкті болған.