Қазақстандықтар алкогольді сусындарды көбірек тұтына бастады
Бұл туралы Бірінші кредиттік бюросының Телеграм арнасында жарияланды, деп хабарлады Elorda.info.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2023 жылдың бірінші тоқсанында ішкі нарықта 21,6 млн литр арақ сатылды. Бұл 2022 жылғы қаңтар-наурыз айларына қарағанда 51,1%-ға артық.
Тиісті кезеңде 8,2 млн литр коньяк (өсім – 2,9 есе); 8,4 млн литр шарап (шымырлағыш түрін қоспағанда), өсім – 17%; 845,7 мың литр шымырлағыш шарап (өсім – 55,1%) сатылды.
Сарапшылар мәтіметінше, сыра сатылымы бір жылда 13,5%-ға төмендеп, 151,2 млн литрді құрады.
Арақ өндірушілер өндірісті бір жарым еседен астам (19 млн литрге дейін) өсіріп, экспортты 40%-ға қысқартты (328 мың литрге дейін). Дегенмен де ішкі сұранысты толық қамтамасыз ету мүмкін болмады, сол себепті импортты ұлғайтуға тура келді (+18,4%, 2,9 млн литрге дейін).
Коньяк өндірісі 2,6 есеге (6 миллион тоннаға дейін), ал импорт 4,3 есеге (4,4 миллионға дейін) өсті. Бірақ 2,2 млн литр экспортқа шығарылды, бұл 2022 жылғы қаңтар-наурыз айларына қарағанда 4,1 есеге артық.
Шарапқа келсек, ішкі өндіріс пен импорт көлем өсті.
Сыра өндірісі 14,1%-ға төмендеді (137 миллион литрге дейін), бірақ импорт өсті (12,1%-ға, 18,4 миллион литрге дейін). Өндіріс құлдырағандықтан, экспортты ұлғайтуға тура келді (3,8 есеге, 4,1 миллион литрге дейін).
-->Бұл туралы Бірінші кредиттік бюросының Телеграм арнасында жарияланды, деп хабарлады Elorda.info.