Әлеумет

Қазақстанда тендер өткізу мерзімі 10 күнге дейін қысқартылды

2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жеңілдетуге арналған жаңа ережелер күшіне енді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа Заң мемлекеттік сатып алудың өткізілу мерзімдерін қысқартуды көздейді. Бұл өзгерістер бюрократиялық кедергілерді азайту және процесті оңтайландыруға бағытталған.

Үкіметтің мәліметінше, Президент 2024 жылдың 1 шілдесінде мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жеңілдету туралы жаңа заңға қол қойған болатын. Осыған сәйкес, конкурстық рәсімдерге қатысты бірқатар өзгеріс енгізілді.

Мемлекеттік сатып алу рәсімдеріндегі негізгі өзгерістер:

Құжаттарды талқылау мерзімі – 5 күннен 2 жұмыс күніне дейін қысқартылды.

Өтінімдерді қабылдау – 15 күннен 5 жұмыс күніне дейін азайтылды.

Өтінімдерді қарау және қорытындылау – 10 күннен 3 жұмыс күніне дейін қысқарды.

Осылайша, енді мемлекеттік сатып алу конкурстары мен аукциондарының жеңімпазын анықтау ең көп дегенде 10 жұмыс күні ішінде жүзеге асады.

Бұл өзгерістер мемлекеттік сатып алу үдерісінің ашықтығын арттырып, уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бизнес үшін де қолайлы жағдай жасай отырып, олардың мемлекеттік тапсырыстарға қол жеткізуін жеңілдетеді.
2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда мемлекеттік сатып алу мерзімі 10 күнге дейін қысқартылды. Жаңа заң бюрократиядан арылтуға және процесті жеңілдетуге бағытталған.