Қазақстанда әскерге шақырылушыларды есепке алу қағидасы өзгерді
Қорғаныс министрі 2025 жылғы 13 қазандағы бұйрыққа сәйкес әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Яғни, әскери есепке мына азаматтардан басқа барлық азаматтар жатады:
- әскери-есептік мамандығы жоқ әйелдер;
- әскери қызметтен отставкаға шығарылған немесе запаста болудың шекті жасына толуына байланысты әскери есептен алып тасталған не әскери есептен алып тасталып, әскери қызметке жарамсыз деп танылған адамдар;
- бас бостандығынан айыру түрінде жазасын өтеп жүрген адамдар;
- Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын адамдар;
- Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарының, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерін, сондай-ақ əскери, арнаулы оқу орындарының курсанттары мен тыңдаушыларын қоспағанда, әскери есепке алынуға жатады.
Жасы бойынша әскери міндеттілер мынадай есепке алу разрядына бөлінеді:
Бірінші разрядта мыналар тұрады:
- офицерлер құрамы – 50 жасқа дейінгіні қоса алғанда;
- қатардағы және сержанттар құрамдары – 40 жасқа дейінгіні қоса алғанда;
Екінші разрядта мыналар тұрады:
- офицерлер құрамы – 51-ден 60 жасқа дейінгіні қоса алғанда;
- қатардағы және сержанттар құрамдары – 41-ден 50 жасқа дейінгіні қоса алғанда.
Әскери қызметші әйелдер әскери есепте екінші разрядта тұрады:
- офицерлер құрамы – 45 жасқа дейінгіні қоса алғанда;
- қатардағы және сержанттар құрамдары – 35 жасқа дейінгіні қоса алғанда.
Сондай-ақ құжатта «Старшина», «аға корабль старшинасы», «прапорщик», «мичман», «аға прапорщик», «аға мичман» әскери атақтары бар әскери қызметтен шығарылған әскери қызметшілер мен запаста тұрған азаматтар 50 жасқа дейінгіні қоса алғанда, екінші разрядта әскери есепте тұратыны айтылған.
ЖӘБО-сына мынадай адамдар жатады:
1) 17 жасқа толған ер азаматтар;
2) бұрын әскери есепте тұрмаған ер азаматтар;
3) осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдаған адамдар;
4) әскери-есептік мамандығы бар әйел жынысты азаматтар тіркелуге тиіс.
Азаматтарды алғашқы әскери есепке қою мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің өзара іс-қимылы арқылы жүзеге асырылады.
Енді 17 жасқа толған ер азаматтарды тіркеу автоматты режимде жүргізіледі.
17 жасқа толған күні ер азаматқа ҚР ҚМ АЖ автоматты режимде электрондық есепке алу карточкасын қалыптастырады және мемлекеттік органдар ақпараттық жүйелерінің өзара іс-қимылын қамтамасыз ету арқылы:
- жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН);
- тегі, аты және әкесінің аты;
- туған күні, жері;
- жұмыс (оқу) орны);
- білімінің болуы туралы;
- отбасы құрамы туралы;
- жүргізуші куәлігінің болуы туралы;
- Қазақстан Республикасының аумағында болуы туралы;
- мүгедектігі бар адам деп тану туралы;
- стационарлық емделуде және динамикалық қадағалауда болуы туралы;
- тұрғылықты жері бойынша азаматтарды тіркеу және тіркеу есебінен шығару туралы;
- адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасауының болуы не болмауы туралы;
- оларға қатысты анықтау немесе алдын ала тергеу жүргізіліп жатқан;
- сот оларға қатысты қылмыстық істерді қарап жатқан, сондай-ақ оларға қатысты заңды күшіне енген үкім туралы мәліметтерді алады.
ҚР ҚМ АЖ мәліметтерді алғаннан кейін электрондық есепке алу карточкасына азаматтың әскери қызметке қатынасы туралы «әскерге шақыру жасына дейінгі» деген белгі қояды және тіркелген тұрақты тұрғылықты жерінің мекенжайы бойынша ЖӘБО-ны айқындайды.
ҚР ҚМ АЖ-да 17 жастағы ер азаматты тіркеу туралы хабарламаны алған кезде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ЖӘБО-сы есептік-әліпбилік кітапқа тиісті жазба жасайды.
Жеке әскери есептік құжаттарға мыналар жатады:
- осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері запастағы офицерінің әскери билеті (бұдан әрі – запастағы офицердің әскери билеті);
- арнаулы мемлекеттік органдар запастағы офицерінің әскери билеті;
- осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қатардағы және сержанттық құрамдардың әскери билеті (бұдан әрі – қатардағы және сержанттық құрамдардың әскери билеті);
- жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру туралы куәлік.
Ал негізгі есепке алу құжаттарына мыналар жатады:
- әскерге шақырылушының жеке ісі;
- есепке алу карточкасы;
- жеке карточка;
- есептік-қызметтік карточка (офицерлер үшін);
- әскери міндеттіні арнайы әскери есепке қабылдау туралы хабарлама.
Ведомствоның дерегінше, есептік-әліпбилік кітапқа ЖӘБО-ға тіркелген барлық әскерге шақырылушылар енгізіледі.
ЖӘБО-сында әскерге шақырылушылардың барлық жеке ісі мынадай жүйелілікпен картотекалар бойынша бөлінеді:
1) ағымдағы жылы ЖӘБО-ға тіркелгендер (ауылдық округтер бойынша әліпби бойынша);
2) мерзімді әскери қызметке әскерге шақырылуға жататындар, мамыр – маусымда, қыркүйек – желтоқсанда бөлек (ауылдық округтер бойынша әліпби бойынша);
3) әскерге шақыруды кейінге қалдыру құқығы барлар (картотека кейінге қалдыру сипаты бойынша жасалады: «отбасы жағдайы бойынша», «білім алуды жалғастыру үшін», «денсаулық жағдайы бойынша», «басқа да себептер бойынша»);
4) әскери оқу орындарына оқуға түсу үшін кандидаттар;
5) мамандандырылған картотека.
Бейбіт уақытта әскери билетті кімдер ала алады?
1) ЖӘБО-да Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға әскери қызметке немесе әскери жиынға шақыру кезінде;
2) оларды қабылдаған кезде әскери, арнайы оқу орындары;
3) ЖӘБО осы Қағидалардың 77-тармағына сәйкес:
- әскери қызметтен не құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметтен шығарылған және әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген;
- бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және әскери қызмет не құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткерген және әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген;
- бұрын әскери (балама) қызмет не құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткергендер қатарынан басқа мемлекеттерден келген және Қазақстан Республикасының азаматтығын алған;
- әскери атағы қалпына келтірілген және әскери қызмет не құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткерген азаматтарға беріледі.
ЖӘБО әскери, арнайы оқу орындарына олардың сұрау салуы бойынша оқуға түскен азаматтарды қамтамасыз ету үшін қажетті санда қатардағы және сержанттық құрамдардың әскери билеттерінің бланкілерін береді.
Әскери, арнайы оқу орындары қатардағы және сержанттық құрамдардың әскери билеттерінің бланкілерін осы Қағидаларға 22-қосымшаға сәйкес беру ведомосы бойынша білім алып жатқан азаматтарға береді.
Беру ведомосы 2 данада жасалады, оның екінші данасы берілмеген (бүлінген) қатардағы және сержанттық құрамдардың әскери билеттер бланкілерімен бірге берілген сәттен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірілмей ЖӘБО-ға жіберіледі.
Әскери қызмет, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткермеген азаматтарға мемлекеттің жұмылдыру әзірлігін қамтамасыз ету мақсатында жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында заңнамада белгіленген тәртіппен әскери билеттер беріледі.
27 жасқа толмаған және мерзімді әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтар тұрғылықты жері бойынша әскерге шақырылушылардың әскери есебіне қабылданады және одан әрі жалпы негізде әскери қызметке шақырылады.
Әскери билетті қалай алуға болады
«Әскери міндеттілерге әскери билеттер немесе олардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызметін алу үшін азаматтар әскери билет немесе оның телнұсқасын беру туралы өтініш береді.
Құжаттар түскен күні қызмет көрсетуші оларды қабылдап, тіркейді және жауапты орындаушыға жолдайды.
Орындаушы құжаттар топтамасының белгіленген талаптарға сәйкестігін қарап, мемлекеттік қызмет нәтижесін басшыға қол қоюға дайындайды. Бұл қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 2 жұмыс күні бұрын жүзеге асырылады.
Қызмет көрсету нәтижесі ретінде офицерлік, қатардағы және сержанттық құрамдағы адамдарға әскери билет немесе оның телнұсқасы беріледі, немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап ұсынылады.
Қызмет көрсетуші мемлекеттік қызмет нәтижесін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 1 жұмыс күнінен кешіктірмей жеткізеді.
Егер қызмет көрсетуден бас тартуға негіз болса, қызмет көрсетуші бұл туралы алдын ала шешіммен, бас тарту себебімен және өтініш берушіге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беретін тыңдау уақыты мен орны (немесе тәсілі) туралы хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 жұмыс күнінен кешіктірілмей жолданады. Тыңдау хабарлама жіберілген күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде өткізіледі.
Электрондық үкімет порталы арқылы жүгінген жағдайда, қызмет көрсетуші нәтижені көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» өзінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен (ЭЦҚ) расталған түрде жолдайды.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі азаматтың таңдауы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының тиісті филиалы арқылы беріледі.
Әскери есепке қою
«Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке қою» мемлекеттік қызметін алу үшін азаматтар әскери есепке қою туралы өтініш береді.
Құжаттар түскен күні қызмет көрсетуші оларды қабылдап, тіркеуден өткізеді және жауапты орындаушыға жолдайды.
Орындаушы құжаттар топтамасының талаптарға сәйкестігін тексеріп, мемлекеттік қызмет нәтижесін дайындап, оны басшыға қол қоюға ұсынады. Бұл рәсім 1 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – қызмет көрсетушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен (ЭЦҚ) расталған, электронды құжат түріндегі әскери есепке қою туралы хабарлама немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.
Мемлекеттік қызметтің нәтижесі электрондық үкімет порталы арқылы беріледі.
Мәліметтерді түзету де осы тәртіп бойынша жүзеге асырылады.
Егер МОҰО (жергілікті әскери басқару органдары) мәліметтерінде азаматтың әскери қызмет өткергені (соның ішінде жеңілдікті кезеңде) туралы ақпарат болмаса, қажетті деректерді алу үшін тиісті мемлекеттік органдарға, ұйымдарға (мұрағаттарға), қажет болған жағдайда басқа мемлекеттерге де сұрау жіберіледі.
Бұл жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 90 жұмыс күніне дейін ұзартылуы мүмкін, әрі бұл туралы азаматқа алдын ала хабарланады.
Сондай-ақ Ережелерге Қорғаныс министрлігі енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпаратты мемлекеттік тіркеуден кейін үш жұмыс күні ішінде Бірыңғай байланыс орталығына, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына, «электрондық үкімет» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына және жергілікті әскери басқару органдарына (ЖӘБО) жіберуге міндетті екені туралы тармақ енгізілді.