Қазақстанда баспана қолжетімді ме: вице-министр пікір білдірді
Бүгін Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз жиынында өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков еліміздегі баспана бағасына қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Жыл сайын елімізде баспана бағасы қымбаттап жатыр. Қалай ойлайсыз, оның бағасы тұрғындардың табысына сәйкес келе ме? Қазақстанда баспана қолжетімді деп айта аласыз ба»,- деп сұрақ қойды БАҚ өкілі.
Вице-министр өз сөзінде, баспана бағасы бойынша таңдау бар екенін жеткізді.
«Бұл риторикалық сұрақ. Егер сұраныс болса, ұсыныс та болады. Баспана сатып алуға болады. Бұл жерде баспана барып сатып алатын тауар емес екенін түсіну қажет. Біз де ұзақ уақыт баспана алу үшін ақша жинағанбыз. Бұл маңызды сатып алу деп есептеймін. Қолжетімді деген сұраққа келетін болсақ, бізде таңдау бар. Яғни, баспананың бағасы, оның сапасы мен ішкі жоспары және орналасқан ауданы бойынша таңдау бар. Олар бір-бірімен тығыз байланысты. Арзан немесе қымбат баспана сатып алуға болатын сигмент бар», - деді Олжас Сапарбеков.