«Қазақстан шетелдік БАҚ көзімен» байқауына өтінімдер қабылдау басталды
Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Бас редакторлар клубы, «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы» АҚ және Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесінің (АӨСШК) Хатшылығымен өзара серіктестік шеңберінде Қазақстан туралы материалдарды жазатын/түсіретін шетелдік журналистер үшін «Қазақстан шетелдік БАҚ көзімен» атты 8-байқауына өтінімдерді қабылдау басталғаны туралы мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.
2014 жылдан бері жүргізіліп келе жатқан Конкурстың аясында еліміздің түрлі аспектілері туралы мейлінше шығармашыл, шынайы және объективті түрде жариялайтын шетелдік авторлардың мәтіндік және бейне материалдарды іріктеп келеді. Байқауға БАҚ-та жарияланған материалдардан басқа, блогерлердің әлеуметтік желілердегі парақшаларында орналастырылған жұмыстары да қатыса алады.
Негізгі тақырыптан басқа осы жылы АӨСШК-ның жаңа номинациясы ұсынылатын болады, оның шеңберінде «АӨСШК: Жаңа әлемдегі жаңа Азия» тақырыбындағы жұмысы үшін бір жеңімпаз айқындалатын болады.
Байқауға қатысуға 2022 жылғы 15 шілдеден бастап 2023 жылғы 15 шілдеге дейінгі мерзімде Қазақстан туралы шетелдік БАҚ-та немесе әлеуметтік желілерде жарияланған ақпараттық материалдар қабылданады.
Байқау жеңімпаздарын құрамына ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко, «Бас редакторлар клубының» басшысы Бибігүл Жексенбай, «Kazakh Tourism» Ұлттық Компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы Талғат Аманбаев және АӨСШК әскери-саяси өлшем сарапшысы Елші Дулат Қуанышев кіретін қазылар алқасы анықтайды.
Байқау қорытындысы бойынша бес географиялық аймақтан бес жеңімпаз анықталады:
– Солтүстік және Оңтүстік Америка;
– Еуропа;
– ТМД;
– Таяу Шығыс және Африка;
– Азия-Тынық мұхит аймағы және «Kazakh Tourism» мен АӨСШК тақырыптары бойынша номинация бойынша екі лауреат.
Жеңімпаздар Астана, Алматы қалалары мен Маңғыстау облысына бару жүлдесіне ие болады. Сапар барысында мазмұнды мәдени бағдарлама жоспарланған.
Сонымен бірге қалыптасқан дәстүрге сәйкес, байқау жеңімпаздарына арнайы мемлекеттік сектор өкілдерімен, сарапшылар және журналистермен, Қазақстанның ғылым және мәдениет қайраткерлерімен кездесулер ұйымдастырылатын болады.
Барлық жұмыстар 2023 жылдың 15 шілдесінен кешіктірілмей mediacontest2023@mfa.kz электронды поштасына жіберілуі тиіс.
Байқау нәтижелерін 2023 жылдың 1 тамызына дейін жариялау жоспарлануда.
Қосымша ақпарат алу үшін mediacontest2023@mfa.kz поштасына немесе +77172720987 телефонына хабарласуға болады.
-->