Әлеумет

Қазақстан халқының саны табиғи өсім есебінен қаншаға артты

Жыл басынан бері Қазақстан халқының саны 210 139 адамға артты. Өсімнің негізгі бөлігі табиғи өсім есебінен болды – 198 443 адам, ал көші-қон есебінен халық саны 11 693 адамға өсті, деп хабарлады Elordainfo.kz.  

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, табиғи өсімнің ең жоғары көрсеткіштері Түркістан облысында (36 628 адам), Шымкент (20 348 адам) және Астана қалаларында (19 258 адам) тіркелген.

2024 жылғы 10 айдың ішінде елімізде 309 310 бала дүниеге келді. Туу деңгейінің ең жоғары көрсеткіші Түркістан (1000 адамға 25,14), Маңғыстау (24,64) облыстарында және Шымкентте (23,78) байқалды.

«Осы кезеңде Қазақстанда 110 867 адам қайтыс болды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,3% аз (2023 жылғы қаңтар-қазан аралығында – 107 289 адам). Өлім-жітім деңгейі жоғары өңірлер – Солтүстік Қазақстан (1000 адамға 11,52), Шығыс Қазақстан (11,32) және Қостанай облыстары (10,17), бұл осы өңірлердегі халық жасының құрылымына байланысты», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, 2024 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны – 20 243 981 адам.