Қазақстан халқының саны қаншаға өсті
Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, халық саны өсімінің ең жоғары қарқыны Астанада да тіркелген, деп хабарлады Elordainfo.kz.
2025 жылы 1 қаңтардағы есеп бойынша, Қазақстанда 20 286 084 адам тұрады. Бір жыл ішінде халық саны 252 242 адамға өскен.
Ең тығыз қоныстанған аймақтар – Алматы (2 292 333) және Түркістан облысы (2 154 334).
Сондай-ақ халық саны өсімінің ең жоғары қарқыны Астанада тіркелген.
Үкімет қазақстандықтар санының өсу қарқыны әлі де артады және 2050 жылға қарай ел халқының жартысы оңтүстікте тұрады деп есептейді.
2024 жылы 1 қаңтардағы есеп бойынша, Қазақстанда 100 жастағы 702 адам тұрады. Бір жыл бұрын олардың саны 40% аз болған.