Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
Астанада Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Кеңес отырысында Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» атты Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясында берген тапсырмаларды іске асыру барысы және Президенттің «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру, ҚР Парламентінің «Бір ел – бір мүдде» ҚХА жаңа депутаттық топтың қызметі талқыланды.
Кеңесте Оқу-ағарту министрі Ғ. Бейсембаев, Ғылым және жоғары білім министрі С. Нұрбек, Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қ. Ысқақов, Парламент Сенатының депутаттары Н. Жүсіп және З. Кузиев баяндама жасады.
Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қ. Ысқақов өз сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан халқы Ассамблеясының «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» атты XXXII сессиясында еліміздегі этносаралық саясаттың негізгі бағыттарына қатысты маңызды мақсат-міндеттерді айқындаған тапсырмалардың орындалуы бойынша баяндады.
Атап айтқанда, еліміздің этностарын біртұтас ұлтқа ұйыстыруға, «Бірлігіміз – әралуандықта» қағидатын, мемлекеттік тілді үйренуді ілгерілетуге, Ассамблеяның қоғамдық құрылымдарын жетілдіруге және олардың азаматтық қоғам өкілдерімен, партиялармен өзара іс-қимылын нығайтуға бағытталған шаралардың іске асырылуы туралы айтылды.
Кеңес отырысы аясында Оқу-ағарту министрі Ғ. Бейсембаевтың, Ғылым және жоғары білім министрі С. Нұрбектің, Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қ. Ысқақовтың, Мәдениет және ақпарат министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғ. Шойкиннің ҚХА кеңесінің мүшелерімен кездесуі өтті, онда еркін форматта еліміздің этномәдени қоғамдастығы өкілдерін толғандыратын мәселелер талқыланды.
-->Кеңес отырысында Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» атты Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясында берген тапсырмаларды іске асыру барысы және Президенттің «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру, ҚР Парламентінің «Бір ел – бір мүдде» ҚХА жаңа депутаттық топтың қызметі талқыланды.