Әлеумет

"Қайдан шыққан баға": Депутат Бақытжан Базарбек билет бағасы 700 мың теңге болғанын сынады

Депутат Бақытжан Базарбек Мәжіліс кулуарында Қайрат-Реал-Мадрид ойындары кезінде алыпсатарлардың билет бағасын аспандатып жібергенін сынға алды. Ол мұны Бас прокуратура назарға алу керек екенін айтты. 

Депутаттың сөзінше, 700 мың теңгеге Еуропаға барып, қыдырып келуге болады. 

Ойын басталуға 1 сағат қалғанда билеттің бағасы 700 мың теңгеге дейін ұшты. Мұндай баға қайдан шыққан? 700 мың теңгеге жарты Еуропаны аралап қайтуға болады. Қалай мұны тәртіпке келетіреміз? Алыпсатарларды тәртіпке салуымыз керек. Менің білуімше, алыпсатарлардың арасында ірі компаниялар бар. Мұнымен Бас прокуратура айналысуы керек.  Мұндай үлкен деңгейдегі шара футбол жанкүйерлеріне мереке болуы керек еді. Бірақ олай болмады. Қарапайым халық бара алмады. Сайттан алу мүмкін болмады. Билет бірінші күні-ақ бітіп қалды. Менің Алматыда бірге оқыған достарым бар, олар футбол жанкүйерлері. Олар бұл ойынды көре алмады. Біздің бірге оқығандардан мен ғана бардым. Сайттан ала алмай, алыпсатарлардан сатып алдым. Қаншаға алғаным құпия, - деді Бақытжан Базарбек.