Автобус және такси жүргізушілері медициналық куәландырудан онлайн форматта өте алады
16 қазаннан бастап еліміздегі қоғамдық көлік жүргізушілері медициналық куәландырудан онлайн форматта өте алады, деп хабарлады Elorda.info Көлік министрлігіне сілтеме жасап.
Қабылданған нормаға сәйкес жүргізушілерді онлайн форматта тексеру заңнаманың талаптарына жауап беретін және жүргізушінің жалпы денсаулығын тексеруге қабілетті автоматтандырылған медициналық кешендердің болуын және оларды пайдалануды көздейді.
Атап айтқанда, жүргізушіні биометриялық және басқа әдіспен сәйкестендіру, онлайн сауалнама өту, көз қарашығының жарық тітіркендіргішіне реакциясын тексеру, алкогольдік масаңдықты тексеру, дене температурасын, қан қысымын және пульсті өлшеу.
Осы салада цифрлық шешімдерді енгізу тасымалдаушыларға, таксопарктер мен автобус парктеріне:
- тексеру жүргізу рәсімдерінде ашықтықты қамтамасыз етуге;
- жүргізушілер мен медицина қызметкерлері арасындағы сыбайлас жемқорлық фактілерін азайтуға;
- жолаушылар мен багажды тасымалдау кезінде қауіпсіздік шараларын арттыруға;
- уақытты үнемдеуге;
- жүргізушілердің денсаулық жағдайына толық талдау жүргізуге мүмкіндік береді.
Министрдің бұйрығы 16 қазаннан бастап күшіне енеді.
-->Қабылданған нормаға сәйкес жүргізушілерді онлайн форматта тексеру заңнаманың талаптарына жауап беретін және жүргізушінің жалпы денсаулығын тексеруге қабілетті автоматтандырылған медициналық кешендердің болуын және оларды пайдалануды көздейді.