Әлеумет

Ауызашарға барған медицина қызметкерлері астан уланып қалған

Ақтауда 50-ге жуық медицина қызметкері ауызашарға барған. Бірақ олардың 16-сы астан кейін өздерін жайсыз сезініп, ауруханаға улану белгілерімен шағымданған, деп хабарлады Elorda.info.

Маңғыстау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің дерегіне сүйенсек, 10 адам ауруханаға жатқызылған. Қалған 6-ауы амбулаторлық емге жолданған.

Сондай-ақ дәрігерлер медицина қызметкерлерінің денсаулығына еш қауіп жоқ екеніне де тоқталды. Науқастардың жағдай тұрақты, динамикасы оң. Барлық анализдер алынып, ем қабылдауда. 

-->

10 сәуір күні Ақтау қаласындағы мейрамхананың бірінде ауызашар болған. Ауызашарға қала, аудандық емдеу мекемелерінің дәрігерлері, жалпы 50 адам шақырылған. Бірақ Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасы жұқпалы аурулар бөліміне 16 адам улану белгілерімен шағымданды. Науқастарда жоғары қызу, құсу, іш өту, жедел ішек инфекциясына тән интоксикация синдромы болған. Барлық қажетті шаралар қолданылып, ем жүргізіліп жатыр, – делінген ақпаратта. 