Әлеумет

Атырауда 38 млн теңгенің мүлкі мемлекетке қайтарылды

Атырау облысы Махамбет ауданы Бейбарыс ауылдық округінің әкімі «Первомайский» ЖШС-ға понтонға орнатылған су насосы стансасын тендер өткізбей, сенімгерлікке бергені анықталды, деп хабарлады Elorda.info Атырау облысының прокуратурасына сілтеме жасап. 

«Махамбет ауданы прокуратурасының талдауының нәтижесінде шаруашылық субъектісі понтондық стансаны мемлекетке зиянды түрде қолдануды жалғастырып келген. Осыған байланысты Махамбет ауданының әкіміне заңбұзушылықты жою туралы ұсыныс беріліп, аталған мүлік мемлекетке қайтарылды. Бейбарыс ауылдық округінің әкімі мен есепшісі тәртіптік жауапкершілікке тартылды», - деп  жазылған облыстық прокуратура хабарламасында.

-->