Атаулы әлеуметтік көмек алынып тастала ма – вице-министр жауабы
Бұл сауалға Үкіметте өткен баспасөз конференциясында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Асқарбек Ертаев жауап берді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Атаулы әлеуметтік көмек қалады. Ол жағдайы төмен отбасылар, оның ішінде жұмыс істемейтін аналар не әкелер болса, олар осы көмекті қолданады яғни мемлекет тарапынан ондай қолдау көрсетіледі. Біздің мақсатымыз – әр отбасыға талдау жасау. Сол арқылы отбасының ішінде жұмыс істейтін адам болса, онда бірінші жұмысқа орналастыру. Осылайша отбасыны қиын жағдайдан шығару», - деді спикер.