Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынас неге бұзылады
Бала туылған сәттен бастап, ата-анасына жақын болатыны белгілі. Нәресте шағында анасына жақын болады. Себебі, барлық уақыты анасымен өтеді. Әдетте, кішкентай балалармен қарым-қатынас орнату әлдеқайда оңай. Балалық шақтың негізі ата-ананың махаббаты мен қамқорлығынан тұрады. Дәл осындай қарым-қатынасты сақтау үшін, балаға әрқашан қолдау керек. Дегенмен, қазір ересек адамдарға, өмірдің басқа мәселелерінен арылу қиын. Күйбең тіршілікті ұмытып, назарыңды балаға аудару әрқашан қолынан келмейді. Тура осы жерден, түсініспеушіліктер мен баланың өзіне деген сенімсіздігі пайда болады.
Кез келген баланың жан-дүниесі нәзік. Сондықтан, ол ата-анасының оны бар болғаны үшін ғана жақсы көретінін сезіну керек. Бала өзінің осы өмірге керектігін білу керек. Соңғы уақытта ескі қазақи тәрбиенің кеткені анық. Ата-аналар баласына материалдық тұрғыдан барлығын жасайды. Гаджеттерден бастап, оқу мен дамуына дейін. Ал баланың ішкі жан-дүниесіне үңіліп жатқан ешкім жоқ. Ата-аналардың ойынша, егер баланы материалдық жағынан қамтамасыз етсе, сол жеткілікті.
Дегенмен, айтып өтетін бір жайт: Бала қоғамға араласқан сәттен бастап, яғни, мектептке барғаннан бастап мынандай мәселелерге тап болады: сыртқы келбетіне көңілі толмаушылық, рухани дағдарыс, жасөспірімдермен дұрыс қарым-қатынас орната алмау және өзін керексіз сезіну. Сонымен, осындай жағдайдың болу себептерін қарастырайық. Ең біріншісі, гиперқамқорлық немесе барлық нәрсеге тыйым салу. Әрине, ата-ананың баласын жаман нәрседен тыйғаны жөн. Алайда, кейде шамадан тыс шектеулер, баланың адам ретінде өзіндік менінің қалыптасуы мен өзі қалаған бағытта дамуына кедергі жасайды. Мұның дұрыс шешімі: шектеулерді баламен келісе отырып қою.
Екінші себеп – салыстыру. «Жұрттың баласы» ұғымы қазақтардың арасында кең таралған. Басқаның баласы керемет, ал сен?.. Дәл осы сөздер, баланың өзіне деген сенімділігін жояды. Жойып қана қоймай, жағымпаздану деген қасиетті тудырады. Себебі, ол бала жұрттың баласындай болғанда ғана ата-анасына жағады.
Үшінші және ең маңызды себеп: баланы айыптай беруді қою. Орысша айтқанда «осуждать». Әрине ұрыс-керіс барысында ата-ана және бала тарапынан ашудың кесірінен ауыр сөздер айтылады. Дегенмен, ата-ананың ересек адам екенін ескерсек, олар ауыр сөздерді жеңілірек қабылдайтыны рас. Ал балалар ше? Өмірде кім не айтса да, әкең мен анаңның айтқан сөздері қаттырақ әсер етеді. Қанша елемеуге тырыссаң да, ол қалыпты жағдай. Жасөспірім ретінде айтарым, ата-ананың ауыр сөзі кейде барлық армандарыңды, мақсаттарыңды жоққа шығарады. «Мүмкін шынымен де мен жаман адам шығармын? Мүмкін, менің ойға алып жүрген мақсаттарым түкке тұрғысыз шығар» деп ойланып қаласың. Бір бала оны ұмытып кетсе, екіншісі сол сөздерден кейін өзін іштей жеуге кіріседі. Өзіне деген күмән тудырып, сенімсіздік ұялатады. Мұндайда қазақ: «Айтылған сөз – атылған оқпен тең» дегенді бекер айтпаған.
Бұл мәселенің түйіні әркімде әрқалай шешілуі мүмкін. Басыңа түскен жағдайға байланысты. Дегенмен, ата-аналарға балалармен қарым-қатынасты жақсартатын, негізгі ережелерді ұсынғым келеді:
1. Ешкіммен салыстырмау. Балаңыз Сізді, құрдасыңыз Илон Маскпен салыстырмайды ғой. Себебі ол Сізді бар болғаныңыз үшін ғана жақсы көреді.
2. Мұқият тыңдау. Өте жиі кездесетін жағдай, ата-аналар тек өздерін тыңдатқысы келеді. Бірдеңе айтып жатса, баланың сөзін бөледі немесе тіпті ой-пікірін ескермейді.
3. Қызығушылығын тану. Балаңыздың сүйікті киносы мен сүйікті әншісін білесіз бе? Не себептен ол киноны жақсы көреді?
Ескі заманда ешкім баласының психологиялық жағдайына алаңдаған жоқ. Сондықтан ата-аналар кейде «Менімен ешкім ашық сөйлеспеді, түсінбеді, бірақ адам болдым» деп ойлайды. Қазір адамдардың рухы әлсіреді. Адамдар өзгерді, қоғам өзгерді, сана өзгерді. Осыған ілесіп, дұрыс адам болу үшін, балаға әрқашан ата-ананың көмегі керек. Ол көмек «Мен саған жақсы болсын деп ұрсамын» деген сыннан ғана тұрмауы керек. Ата-аналар балаға тура жолды оны айыптамай көрсетіп, оның қызығушылықтарын қолдап, риясыз жақсы көрулері керек.
Ақерке ЗӘРУБАЙ,
Астана қаласы
№60 мектеп-лицейдің
11 «ә» сыныбының оқушысы
-->Бала туылған сәттен бастап, ата-анасына жақын болатыны белгілі. Нәресте шағында анасына жақын болады. Себебі, барлық уақыты анасымен өтеді. Әдетте, кішкентай балалармен қарым-қатынас орнату әлдеқайда оңай. Балалық шақтың негізі ата-ананың махаббаты мен қамқорлығынан тұрады. Дәл осындай қарым-қатынасты сақтау үшін, балаға әрқашан қолдау керек. Дегенмен, қазір ересек адамдарға, өмірдің басқа мәселелерінен арылу қиын. Күйбең тіршілікті ұмытып, назарыңды балаға аудару әрқашан қолынан келмейді. Тура осы жерден, түсініспеушіліктер мен баланың өзіне деген сенімсіздігі пайда болады.