Астананың құқық қорғау органдары бойжеткендерге ескерту жасады
Былтыр 8 мыңнан астам есірткі қылмысы анықталды, олардың арасында қылмыскерлердің бейтаныс адамдарға, әсіресе қыздардың сусындарына есірткі заттарын қосу жағдайлары жиі кездескен. Астананың Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы осылай деп ескерту жасады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Мамандар өзіңіз бен жақындарыңызды қорғау үшін арнайы есірткі заттарын анықтайтын тест-жолақтарын бірге алып жүруді ерекше қозғап өтті.
Айта кетейік, мұндай жолақтар дәріханаларда қолжетімді, кішкентай, көп орын алмайды және ең бастысы – бір минут ішінде қауіпті заттардың бар-жоғын анықтауға көмектеседі.
Бұл – қылмыстың алдын алудың және өз қауіпсіздігіңізді қамтамасыз етудің қарапайым, бірақ тиімді тәсілі.