Әлеумет

Астаналықтар саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды

Елордалықтар мен жергілікті тұрғындар «Алжир» музей-мемориальдық кешені аумағында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды, деп хабарлады Elorda.info

Іс-шараға Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов және зұлмат жылдар құрбандарының туыстары мен жақындары, қоғам өкілдері қатысты.

алжир2.jpg

Астана қаласы әкімдігі және мәслихаты атынан XX ғасырдың 1930-1940 және 1950 жылдарының басындағы саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарын еске алу қабырғасына гүл шоқтары қойылды.

алжир3.jpg

Кейін олар қаза болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.

алжир.jpg

Сабина КӘКІМЖАН

-->

Өткен ғасырдың 20-30-жылдары еліміз үшін ауыртпалығы мен зардабы тиген кезең болды. Жаппай ашаршылық, саяси қуғын-сүргін, репрессия, сұрапыл соғыс, рухани құндылықтарға жасалған қиянаттардың кесірінен біздің халық өте көп зардап шекті. Салдарынан еліміздің беткеұстар азаматтары құрбан болды. Олардың көбі абақтыға қамалды және атылды. Оған қоса, елімізде болған жаппай ұжымдастыру саясаты салдарынан мал қырылды. Көптеген халық ашаршылыққа ұшырады. 

Өз тарихын білмеген халықтың болашағы жоқ. Тарихтан сабақ алып, жаңа да әділетті Қазақстан құру - біздің басты мақсатымыз. Өткенді ұмытпауымыз керек. Сол себепті бұл күн біздің есімізде ерекше сақталады. Өйткені саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандары рухына тағзым етіп, құран бағыштау әр адамның азаматтық борышы, - деді Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов.

Сабина КӘКІМЖАН