Әлеумет

Астаналық полицейлер ата-аналарға маңызды үндеу жасады

Астана қаласының полициясы ата-аналар мен барлық ересек адамды балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударуға шақырады, деп хабарлады Elordainfo.kz.  

Жыл басынан бері елордада балалардың терезеден құлап кетуінің 45 оқиғасы тіркеліп, оның 12-сі қайғылы жағдаймен аяқталған. Мұндай оқиғалар, әдетте, балалар қараусыз қалған кезде және үйде қарапайым сақтық шаралары сақталмаған жағдайда болады.

Полиция осындай қайғылы жайттардың алдын алу үшін келесі ережелерді сақтауды ұсынады:

- Егер терезе ашық болса немесе бөлмені желдетіп жатсаңыз, балаға үнемі көз салыңыз;

- Балалардың ересектерсіз балконға шығуына жол бермеңіз;

- Кішкентай балаларды үйде жалғыз қалдырмаңыз – тіпті олар ұйықтап жатса да:

- Терезе маңындағы жиһазды, әсіресе бала мініп кетуі мүмкін төсек пен орындықтарды алыстатыңыз.

Есте сақтаңыздар! Масаға арналған тор – бұл қорғаныс құралы емес. Бала оған сүйенуге болады деп ойлап, онымен бірге құлап кетуі мүмкін.