Астаналық ғалымдар қазақ есімдері жайлы мобильдік қосымшаны іске қосты
Астаналық ғалымдар қазақ есімдері жайлы мобильдік қосымшаны іске қосты, деп хабарлады Elorda.info.
Жаңа цифрлық өнім 800-ден астам жеке атауларды біріктіреді. Олар жүзден астам семантикалық белгілер бойынша топтастырылған және бұл бағдарламаның басты артықшылығына айналды. Мобильді қосымша сәбиге есім таңдауға немесе өз есімінің мағынасын білуге көмектеседі.
-->Жаңа цифрлық өнім 800-ден астам жеке атауларды біріктіреді. Олар жүзден астам семантикалық белгілер бойынша топтастырылған және бұл бағдарламаның басты артықшылығына айналды. Мобильді қосымша сәбиге есім таңдауға немесе өз есімінің мағынасын білуге көмектеседі.
«Президент өз сөзінде мемлекеттік тілде цифрлық өнімдерді арттырудың маңыздылығын атап өтті. Біз көпшілік үшін ыңғайлы «Қызықты ономастика» мобильді қосымшасын іске қостық. Барлық атаулар семантикалық қасиеттері бойынша топтастырылған, бұл - біздің жобамыздың бірегейлігі. 1,5 жыл бойы табанды еңбек еттік, көптеген жұмыстар мен материалдар зерттелді. Біздің қосымшамыз әйел мен ер адамдар есімдерінің шығу тілін, этимологиясын білуге мүмкіндік береді. Егер сіздің есіміңіз бірнеше сөзден тұрса, олардың әрқайсысының жеке мағынасын таба аласыз. Сондай-ақ цифрлық платформада алфавит бойынша сұрыптау бар, пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін іздеу тарихы сақталады және сіз таңдаған есімдерді бөлек сақтауға болады», - деп атап өтті жоба жетекшісі, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Цифрлық даму және қашықтықтан оқыту департаментінің директоры Гүлмира Бекманова.