Астанада құрбан шалуға арналған орындар белгілі болды
Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы Құрбан айт мерекесі кезінде еліміз бойынша құрбан шалуға арналған арнайы орындардың тізімін бекітті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Астана қаласы бойынша тұрғындар «Жайлау», «Баракат», «Шанхай», «Шопан ата», «Ет хан», «Шәушен» мал базарларында құрбандық шала алады.
Алматы қаласының тұрғындары үшін «Алтын сақа» мал базары, ал Шымкент қаласы үшін «Халал Қасап» мал базары мен қасапханасы белгіленді.
Басқа өңірлердегі құрбан шалу орындарын ҚМДБ Instagram парақшасынан қарай аласыз.