Елордада кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды
«Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институты «Қоғамдық келісім» РММ-мен бірлесіп, елордада «Күшіміз – бірлікте» тақырыбында семинар өткізді, деп хабарлады Elorda.info.
Семинардың практикалық бөлімі барысында «Өркен» БӘАҰҒПИ-дің тренерлері мен ғылыми қызметкерлері мектеп омбудсмендерінің коммуникативтік дағдыларын дамыту мақсатында жаттығулар өткізді.
-->Балалар омбудсмендері балалардың қоғам мен мемлекет өміріне толыққанды қатысу құқығын іске асыруға ықпал етеді. Бұл әрбір мектеп омбудсменінің кәмелетке толмағандардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға қосқан жеке үлесінің маңыздылығын көрсетеді. Мектеп омбудсмендері тіпті ең елеусіз іс-әрекеттің ұлттық ауқымдағы үлкен өзгерістерге әкелуі мүмкін екенін түсінуі керек, - дейді «Өркен» БӘАҰҒПИ президенті Есенғазы Иманғалиев.
Семинардың практикалық бөлімі барысында «Өркен» БӘАҰҒПИ-дің тренерлері мен ғылыми қызметкерлері мектеп омбудсмендерінің коммуникативтік дағдыларын дамыту мақсатында жаттығулар өткізді.