Әлеумет

Астанада донорлықты дамыту мәселелері талқыланды

Бүгін Астана қаласында «Қазақстандағы этикалық донорлық» семинары өтті, оның алаңында сарапшылар ағза донорлығы мен трансплантаттаудың заңдық және этикалық негіздерін, ДДҰ-ның басшылық қағидаттарын талқылады, деп хабарлады Elorda.info.

Бұған қоса жиында ағымдағы жағдайды және Қазақстандағы ұлттық трансплантаттау бағдарламасын іске асырудағы негізгі қиындықтарды қарастырды.

Отандық мамандар жүректі, бауырды, бүйректі, өкпені трансплантаттауды жоғары деңгейде жүргізеді және трансплантаттау нәтижелері әлемдік стандарттарға сәйкес келеді.

Қазақстанда ағза донорлығы мен ағзаларды трансплантаттаудың тиімді ұлттық жүйесін дамыту үшін 2012 жылы Трансплантаттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметтерді үйлестіру жөніндегі республикалық орталық құрылды.

Қазіргі уақытта елде 7 трансплантаттау орталығы, 40 донорлық ұйым жұмыс істейді, олар қайтыс болғаннан кейін донорды трансплантаттау мақсатында көп ағзаны алуға дайындау бойынша медициналық қызмет көрсетеді.

Бейінді ведомствоның мәліметінше, соңғы 10 жылдың ішінде Қазақстанда 2,5 мыңнан астам ағзаларды трансплантаттау операциясы, бұл ретте 83% жағдайда тірі кезіндегі донордан, 17% жағдайда қайтыс болғаннан кейінгі донордан жүргізілді.

Әлемде жыл сайын 115 мыңнан астам ағзаны трансплантаттау жүргізіледі. АҚШ, Испания, Хорватия, Иран сияқты елдерде ауыстырылып қондырылған ағзалардың кем дегенде 85%-ы қайтыс болғаннан кейінгі донорлардан алынған.

Бүгінгі таңда донорлар мен реципиенттердің бірыңғай тізілімінде 4000-ға жуық адам, оның ішінде 104 бала ағзаны трансплантаттауды күтуде, олардың көпшілігі жас және еңбекке қабілетті жастағы адамдар. Реципиенттердің ішінде 3735 адамға бүйрек, 185 адамға бауыр, 144 адамға жүрек, 16 адамға өкпе трансплантаттау қажет.

Бүгінгі таңда Қазақстанның 6 мыңға жуық азаматы қайтыс болғаннан кейін ағзалардың донорлығына келісім білдірді.

-->

Трансплантаттау соңғы онжылдықтардағы, соның ішінде Қазақстан үшін де медицинадағы ең маңызды серпіліс болды. Бұл пациенттердің өмірін көптеген жылдарға ұзартуға мүмкіндік береді және көбінесе емдеудің жалғыз тәсілі болып табылады, - деді ҚР ДСМ Медициналық көмек көрсету департаментінің директоры Ұлықбек Медеубеков.

Отандық мамандар жүректі, бауырды, бүйректі, өкпені трансплантаттауды жоғары деңгейде жүргізеді және трансплантаттау нәтижелері әлемдік стандарттарға сәйкес келеді.

Қазақстанда ағза донорлығы мен ағзаларды трансплантаттаудың тиімді ұлттық жүйесін дамыту үшін 2012 жылы Трансплантаттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметтерді үйлестіру жөніндегі республикалық орталық құрылды.

Қазіргі уақытта елде 7 трансплантаттау орталығы, 40 донорлық ұйым жұмыс істейді, олар қайтыс болғаннан кейін донорды трансплантаттау мақсатында көп ағзаны алуға дайындау бойынша медициналық қызмет көрсетеді.

Бейінді ведомствоның мәліметінше, соңғы 10 жылдың ішінде Қазақстанда 2,5 мыңнан астам ағзаларды трансплантаттау операциясы, бұл ретте 83% жағдайда тірі кезіндегі донордан, 17% жағдайда қайтыс болғаннан кейінгі донордан жүргізілді.

Трансплантаттау өмірді сақтайды және баламасы жоқ жерде адам өмірінің негізгі функцияларын қалпына келтіреді. Бұл ретте, бар қауіптерді ескере отырып, донорлықтың этикасы мен қауіпсіздігін барынша қамтамасыз ету үшін денсаулық сақтау мамандарын оқытуға баса назар аудару қажет, - деді ДДҰ-ның Қазақстандағы өкілі доктор Скендер Сыла.