Әлеумет

Астанада алименттен жалтарған азаматтарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Елордада «Алимент» санаттары бойынша атқарушылық құжаттың талаптарын орындаудан қасақана жалтарған борышкерлердің мекен-жайлары бойынша рейдтік іс-шаралар өткізілді, деп хабарлады Elorda.info 

«Борышкер» акциясы аясында өткен шара Астана қаласының Әділет департаменті, Байқоңыр аудандық прокуратурасы,   аудандық полиция қызметкерлдері және Астана қаласының Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының қызметкерлерімен бірлесіп өткізілді.

Рейд барысында, борышкерлерге атқарушылық құжаттың талаптарын орындау қажеттігі туралы хабарламалар, сондай-ақ атқарушылық құжатты орындамағаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауаптылық туралы ескертулер табыс етілді.

Алдағы уақытта, аталған іс-шараларды жүйелі түрде өткізу жоспарлануда.

-->