Әлеумет

Астанада алимент өндіру бойынша жиырма мыңға жуық іс қозғалған

Астана қаласының коммуникациялар қызметі алаңында «Жеке сот орындаушыларының жұмысын бақылау және алимент төлемдерін өндіру мәселесі» туралы Астана қаласы Әділет департаменті басшысының орынбасары Азамат Айнабеков пен  Астана қаласы Жеке сот орындаушылар өңірлік палатасының басшысы Адлет Бейсенбаев брифинг өткізді, деп хабарлады Elorda.info.

Қазіргі уақытта мемлекеттік сот орындаушыларымен қатар жеке сот орындаушылар бірге қызмет атқарады. Жалпы мемлекеттік сот орындаушысы мен жеке сот орындаушысы бір Заңмен «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңымен жұмыс атқарады. 

Әділет департаменті басшысының орынбасары Азамат Айнабековтің айтуынша, бүгінгі таңда Астана қаласы жеке сот орындаушылар өңірлік палатасында 244 жеке сот орындаушысы қызмет етіп жатыр. Жыл басынан бері Департаментпен жеке сот орындаушыларының қызметіне 149 жоспардан тыс және 75 жоспарлы бақылау жүргізілді. Нәтижесінде 99 ЖСО тәртіптік жауапкершілікке тартылып, 3 ЖСО лизенциясынан айырылса, 2 ЖСО-ның лицензиясынан айыру туралы ұсыныс Әділет министрлігінде қаралуда.

Астана қаласы жеке сот орындаушыларында 19 890 алимент өндіру туралы атқарушылық өндіріс бар. Оның ішінде, 9915 атқарушылық өндіріс борышкерлердің жалақыларынан ай сайын ұсталуда болса, 618 атқарушылық өндіріс борышкерге іздеу жариялануына байланысты тоқтатылған. 

Қазіргі уақытта Астана қаласы бойынша жеке сот орындаушылардың өңірлік палатасымен бірлесіп бірқатар жұмыстар атқарылды. Нәтижесінде «проблемалық» атқарушылық іс жүргізулердің саны 2962 дейін төмендетіліп, берешек соммасы 2,9 млрд-қа дейін түсті. Сондай-ақ, 6 борышкер қылмыстық жауапкершілікке тартылса, 79 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жыл басынан бері 600 ге жуық борышкерден 358 млн теңге қарыз берешегі өндірілді. 

Жұмыссыз борышкерлерді жұмысқа орналастыру үшін ай сайын бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылып отырады.

-->