Астанада 4 мыңнан астам ерлі-зайыпты ажырасқан
Бұл туралы Астана қаласы жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қайрат Қамбаров қалалық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтып берді, деп хабарлады Elorda.info.
2022 жылы елордада отбасылық құндылықтарды насихаттау бағытында 7 бағытта кешенді шара қолға алынған.
-->Бұл туралы Астана қаласы жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қайрат Қамбаров қалалық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтып берді, деп хабарлады Elorda.info.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша елордада 10 669 жұп некесін қиған, ал ажырасқан жұптар саны - 4 289. Жастар арасында отбасылық құндылықтарды түсіндіру, мәдениет, ұлттық дәстүр мен моральдық құндылықтар негізінде неке және отбасы институтын нығайту мақсатында біздің басқарма «Отбасы - бақыт мекені» атты ауқымды іс-шаралар кешенін жүзеге асырып жатыр, - деді Қайрат Қамбаров .
2022 жылы елордада отбасылық құндылықтарды насихаттау бағытында 7 бағытта кешенді шара қолға алынған.
Жас отбасыларға арнап қарым-қатынастағы проблемалар мен дағдарыстар, оны шешу жолдары, дұрыс тәрбие, психологиялық травмадан қалай аулақ болу жолдары, табысты тұлғаны қалай тәрбиелеу керек, ажырасу және оның әлеуметтік-психологиялық салдары тақырыптарында семинар ұйымдастырылды. Оның нәтижесінде семинар-тренингтердің белсенді қатысушыларына отбасылық кешкі ас, фотосессия және аспаздық шеберлік сабақтарына сертификат табысталды, - дейді ол.