Астана – Қарағанды – Алматы автожолының үш учаскесі жабылды
Боран, екпіні күшті желдің және жолдың дұрыс көрінбеуі салдарынан республикалық маңызы бар Астана - Қарағанды - Алматы автожолының үш учаскесі жабылды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.
Ақмола облысы:
Жібек Жолы төлемақы алу пунктінен Ақмола облысының шекарасына дейін.
Қарағанды облысы:
Ақмола облысының шекарасынан Теміртау төлемақы алу пунктіне дейін;
Қарағанды қаласынан Ақсу-Аюлы ауылына дейін.
Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарға ескерту жасады.
Ауа райының нашарлауына байланысты келесі қауіпсіздік шараларын сақтау қажет:
дауыл туралы ескертулерді қадағалау;
жолдардың жабылуы туралы хабарламаларды ескеру;
алыс қашықтыққа, әсіресе тәуліктің қараңғы уақытында саяхаттаудан және жаяу жүрмеу.