Астана қаласына арналған 2025 жылдың ораза кестесі жарияланды
Мұсылман күнтізбесі бойынша 2025 жылы Рамазан айы 1 наурызда басталады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Ал наурыз айының 26-нан 27-на қараған түн – қасиетті Қадір түні. 30 наурыз – Ораза айт мерекесі.
Биыл пітір садақасы еліміз бойынша екі келі ұнның орташа бағасы негізінде 655 теңге болып бекітілді.
Рамазан айында рұқсат етілген және тыйым салынған амалдар қандай?
Сондай-ақ өзіңізге қажетті облыс, қала, аудан және ауылдың (барлығы 6 мың елді мекен) ораза және намаз кестесін жоғары сапада pdf форматта muftyat.kz сайтынан жүктеп алуға болады.