Әлеумет

«Астана-Ақтөбе» пойызының бағыты Оралға дейін ұзартылады

2024 жылдың 19 қыркүйегінен бастап №81/82 «Астана-Ақтөбе» Тальго пойызының бағыты Оралға дейін ұзартылады. Бұл туралы Elorda.info «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Пойыз күн ара қатынайды. Билеттерді bilet.railways.kz сайтынан және билет кассаларынан алуға болады.

-->

«Пойыз шамамен 350 жолаушыны тасымалдауға мүмкіндік береді. Пойыз Астана, Қостанай, Ақтөбе және Орал сияқты ірі қалаларды қоса алғанда, 15 станцияда аялдайды. Қосымша ақпаратты 1433 тегін нөмірі арқылы, сондай-ақ, әлеуметтік желідегі ресми парақшадардан білуге болады», - делінген хабарламада.