«Қарыздарымыз бар»: министр шаруаларға қашан субсидия төленетінін айтты
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында министрліктің шаруалар алдында қарызы бар екенін айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Шынымен де, шаруашылықтар алдында қарыздарымыз бар. Өзіміздің кестеміз бар. Қосымша резервтен 48 млрд теңге бөлінді. Жалпы 440 млрд бюджетте бекітілген. Ол жоспар бойынша жылдың соңына дейін бекітілген ғой. Бірақ қазір жылдың соңғы кезінен алып, алдыңғы қатарға көшіріп жатырмыз, яғни мамыр-маусым айларына. Қарыз ақырындап жабылады. Бұл күту парағында тұрған нәрсе, ешқайда кетпейді. Барлығы субсидиясын алады»,- деді министр.