Әлеумет

Қаруды өз еркімен тапсырған қазақстандықтар 345 мың теңгеге дейін сыйақы алады

Бұл туралы ІІМ брифингінде Әкімшілік полиция комитеті Қару айналымын бақылау бөлімінің бастығы Асылбек Ыдырысов мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.

ІІМ өкілінің айтуынша, ойық ұңғылы мылтықтар мен карбиндер үшін 172 мың теңгеге дейін төленеді.

-->

Бұл туралы ІІМ брифингінде Әкімшілік полиция комитеті Қару айналымын бақылау бөлімінің бастығы Асылбек Ыдырысов мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.

Қаруды тапсырғаны үшін төлем мөлшері олардың түріне, техникалық күй-жайына байланысты әр бірлігіне 34 мыңнан 345 мың теңгеге дейін әртүрлі болады. Сыйақы көлемін әр облыстық, қалалық және аудандық полиция органдарында құрылатын комиссиялар белгілейді. Мысалы, автоматты ойық қаруды тапсырған азамат 100 айлық есептік көрсеткішке дейін немесе 345 мың теңгеге дейін ала алады, - деді ол.

ІІМ өкілінің айтуынша, ойық ұңғылы мылтықтар мен карбиндер үшін 172 мың теңгеге дейін төленеді.

Тапаншалар мен револьверлер үшін 138 мың теңгеге дейінгі мөлшерде төлеу болжанады. Тегіс ұңғылы мылтықтардың әрбір бірлігі 103 мың теңгеге бағалануы мүмкін.Травматикалық тапаншалар үшін 34 мыңға дейінгі мөлшерде төлеу болжанады.Төлемдер мөлшерін айқындау кезінде комиссиялар қарудың техникалық жай-күйін ескереді және тиісті санат беріледі, олар барлығы 3 санатқа бөлінеді. 1-санатқа жатқызылған қару үшін төлем ұсынылатын құнның 100%-ы, 2-санатқа 70%-ы, 3-санатқа 30%-ы есебінен жүргізіледі, - деді ол.