Әлеумет

Қарағандыда Жасөспірімдер үйі ашылды

«Халық» қайырымдылық қоры Теміртау балалар ауылының түлектеріне Жасөспірімдер үйін сыйлады, деп хабарлады Elorda.info.

Қарағанды облысы әкімдігінің мәліметінше, онда тұратын жетім балалар үшін қала өміріне араласып кету оңай болады.

Жаңа Жасөспірімдер үйі Қарағандының Оңтүстік-Шығысында орналасқан. «Халық» қайырымдылық қоры ол үшін тұрғын үй кешендерінің бірінен төрт бөлмелі пәтер сатып алды. Жаңа отбасылық үйдің ауданы 140 шаршы метрді құрайды.

Түлектер тәлімгерлердің бақылауымен өмір сүреді. Үйдің жанында барлық қажетті инфрақұрылым бар.

Сондай-ақ үйдің жанында дүкендер, дәріханалар, аялдамалар, саябақтар бар. Бірақ басты артықшылығы – бұл жерден оқу орындарына небәрі 20 минут ішінде жетуге болады.

Қор жетімдерді тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты одан әрі жалғастыруға ниетті.

-->

 Қазір Жасөспірімдер үйінде 16 жастан 18 жасқа дейінгі жеті бала тұрады. Олар Қарағанды колледждері мен жоғары оқу орындарында оқиды. Біз осындай балалар үшін жасөспірімдер үйлерін аша отырып, оларды қалалық ортаға үйреткіміз келеді, – деді «Халық» ҚҚ басқарушы директоры Нариман Әбілшайыхов.

Түлектер тәлімгерлердің бақылауымен өмір сүреді. Үйдің жанында барлық қажетті инфрақұрылым бар.

 Үлкен қалаға көшу - бір кездері ата-анасының назарынан тыс қалған жастардың әлеуметтенуі мен өз бетінше өмір сүруі үшін жасалған маңызды қадам. Жасөспірімдер үйінде жайлы өмір сүру үшін барлық жағдайлар бар: тұрмыстық техника мен жиһаздар жеткілікті, – деп атап өтті «SOS Қазақстан Балалар» корпоративтік қорының Ұлттық директоры Гүлжан Асанова. 