Әлеумет

«Aqyl Battle» мобильді қосымшасында 20 мыңнан астам сұрақ қамтылған

Цифрландыру адам өмірін жеңілдететіне күнделікті өмірде көзіміз жетіп жүр. Интернеттің берер мүмкіндігі көп, бірақ қоғамда баланың телефонға телміреуі үлкен дәртке айналғаны да жасырын емес. Дегенмен телефон арқылы баланың ойлау жүйесін дамытатын интелектуалды ойындар уақытты пайдалы өткізуге мүмкіндік береді. Әрине, мұндай бағыттағы ойындар көп, бірақ қазақ тіліндегі нұсқалары аз екені қынжылтады. Осы тақырыпқа байланысты Elorda.info  тілшісі «Aqyl Battle» жобасын ойлап тапқан Айболат Құлатаймен сөйлесті. 

Маманның айтуынша, қазақ тіліндегі интеллектуалдық ойындағы сұрақтар әртүрлі пәнге, салаға бағытталған. Ойында шынайы қарсыласының болуы қосымшаның ерекшілігін көрсетеді. Сондай-ақ, ұпайлар жинау арқылы  оқушы, студент, магистр, доцент, профессор деңгейлеріне жетуге болады. Бұл сәйкесінше, көбірек білім алып, алға ұмтылуға серпін береді.

Айболат Құлатай IT маманы ғана емес, ол Thousand IT Group компаниясының негізін қалаған. Ол көпшілікке танымал мобильді қосымша жобасын қаңтар оқиғасынан кейін бастаған. 

IT маманының интелектуалды ойындарға қызығушылығы «XXI ғасыр көшбасшысы» атты оқушыларға арналған зияткерлік сайысынан басталған. 

Айболат Құлатайдың сөзінше, «Aqyl Battle» мобильді қосымшасын пайдаланушылар бір жыл ішінде 30 млн аса ойын ойнапты. 600 мыңнан аса қазақ тілді аудиториясы бар қосымшада 20 мыңнан астам сұрақ қамтылған.

IT маманының айтуынша, «Aqyl Battle» мобильді қосымшасында бір аптада 3 мыңнан аса ойын ойнайтын адамдар бар.

Мобильді қосымшада 40 категория бар. Кез келген адам қажетті саланы өзі таңдайды. Зияткерлік ойында тек жеңіс ұмтылу ғана емес, сұрақтар арқылы білімді шыңдауға болады.

«Aqyl Battle» ойыны негізінде 1000-ға жуық адам сыйлық алған. Мобильді қосымшада ұйымдастырылатын турнирлер арқылы кітап, түрлі гаджет тіпті, Дубайға жолдама алғандар да бар.

Aqyl Battle ойынын ойнау арқылы ұпайлар жинауға болады. Жинаған ұпайларды эмоциялар мен реакцияларға айырбастауға болатындай етіп жасаған. Алдағы уақытта мұны жетілдіріп, ұпайларды шынайы тауарларға айырбастауды жоспарлапты.

Айболат Құлатайдың сөзінше, зияткерлік ойынның басты ұстанымы – әділеттілік.

Жуырда елордада «Aqyl Battle Cup» республикалық зияткерлік ойынының финалы өтті.  Атауы айтып тұрғындай, зияткерлік сайыс «Aqyl Battle» ойыны негізінде өтті.

Кейіпкеріміздің айтуынша, жақында мобильді қосымшада «KUZ OPEN» онлайн турнирі өтпек.

Президент 2021 жылдың 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында дамыған заманда бәсекеге қабілеттіліктің негізгі факторларының бірі – толыққанды цифрландыру екенін айтқан болатын. Қазақстан үшін заманауи цифрлық технологияларды ендіру аса маңызды. Сонымен қатар, цифрлық технологияларды дамыту – жалпы еуразиялық экономикалық кеңістіктің көздеген мақсаттарының бірі. Бүгінгі IT маманы Айболат Құлатаймен сұхбатымыз бұл бағытта елімізде айтарлықтай ілгерілеу бар екенін көрсетті.

-->

Студенттік кезде «Борьба Умов» ойынын жарысып ойнайтынбыз. Ол ТМД нарығына кеңінен таралып кетті. IT маманы болғаннан кейін «қазақ тілінде осындай ойын болса, кейбір функциялары ыңғайлы болса ғой» деп ойлап жүретінмін.  Ал карантин кезінде quiz planet атты жобаны достарыма таратып, жарысып ойнап жүрдік. Сөйтіп, қаңтар оқиғасынан кейін Aqyl Battle қосымшасын жасап шығамын деп шешім қабылдадым. Жоба жайлы алғаш Дәулет Мұқаевқа айттым. Ол кісі бірден қолдау көрсетті,- дейді Айболат Құлатай.

IT маманының интелектуалды ойындарға қызығушылығы «XXI ғасыр көшбасшысы» атты оқушыларға арналған зияткерлік сайысынан басталған. 

2011-2012 жылдары «XXI ғасыр көшбасшысы» ойынына қатысу жастардың арманы болды. Бірде мектеп басшылығы шақырып, іріктеу ойынына қатысуға ұсыныс білдірді.  Ақтөбе облысынан  300 бала қатысып, тек 10 оқушы ғана телевизиялық сайысқа өтті. Оның ішінде мен де бармын. Бірақ біраз уақыт өтті, мені шақырмады. Бұл кезде сайыстың әділетті екеніне сенімсіздікпен қарай бастағанмын. Бір күні хабарласып Алматыға шақырды. Ойынға қатысып, финалға дейін жеттім. Соңғы ойынға бару үшін ұшаққа билет алуда қиындықтар болып, финалға қатысу бұйырмады. Әрине қатты өкініш болды. Бірақ қазір қарап тұрсам, егер сол кезде жеңіске жеткенде бүгінде IT саласында жүрмейтін едім. Өйткені онда жүлде қоры ақшадан бөлек, мұнай-газ саласында оқытатын университеттерге грант болды. Жобада жеңіске жетпесем де, мемлекеттік грант арқылы IT саласын таңдадым,- дейді ол.

Айболат Құлатайдың сөзінше, «Aqyl Battle» мобильді қосымшасын пайдаланушылар бір жыл ішінде 30 млн аса ойын ойнапты. 600 мыңнан аса қазақ тілді аудиториясы бар қосымшада 20 мыңнан астам сұрақ қамтылған.

Біз ойыншылар статистикасын үнемі бақылап отырамыз. Бүгінде қатысушылар 30 млн-нан аса ойын ойнаған. Бұл біздің еліміздегі нарықта бұған дейін болмаған жетістік. Өйткені алғашқы 3 айдың өзінде шетелдік ойындарды басып озып, бірінші орынға шықты. Тіпті бір күнде 144 мың ойыншы қосымшаға кіріп, 675 мың ойын ойнаған жағдай болды. Сол кезде бұл жүктемені сервер көтере алмады. Елімізде IT жобалардың ішінде мұндай жағдай болмаған шығар. Ал орта есеппен бір күнде 15-25 мың адам ойнайды. Бірақ келесі деңгейге жасанды интелект арқылы шыққымыз келеді. Егер осы әдісті қолданатын болсақ, ол әрбір адамның деңгейіне байланысты қызықты сұрақтар ұсынатын болады,- дейді ол.

IT маманының айтуынша, «Aqyl Battle» мобильді қосымшасында бір аптада 3 мыңнан аса ойын ойнайтын адамдар бар.

Біз кейбір белсенді ойыншыларымызға жаңа сұрақтар дайындап үлгермей жатамыз. Ал олар жаттап алады. Бір аптада 3 мыңнан аса ойын ойнайтын ойыншылар бар. Олар, әрине, сұрақтарды жаттап алуға тырысады. Орта есеппен бір адам 1 сағат 24 минут қосымшаны пайдаланады. Бұл біздің нарық үшін үлкен жетістік. Егер жасанды интелект қолдансақ сұрақтардың жаңаруына қарай адамдар да көбірек қосылады. Ол сыртқы нарыққа шығуға көмектеседі,- дейді Айболат Құлатай.

Мобильді қосымшада 40 категория бар. Кез келген адам қажетті саланы өзі таңдайды. Зияткерлік ойында тек жеңіс ұмтылу ғана емес, сұрақтар арқылы білімді шыңдауға болады.

Жобаны шетелдік нарыққа шығару ойда бар. Қазіргі таңда бұл бағытта жұмыс жүріп жатыр. Ең бірінші мәдениет мен тарихы ұқсас түркітілдес мемлекеттерді қамтысақ дейміз. Басқа ұлт өкілдері бір-бірімен ойнап, білім арқылы байланысатын болса үлкен жетістік деп есептеймін. Басқа тілдерге аудару үлкен жұмыс пен қаражатты қажет етеді. Бүгінде орыс тіліндегі нұсқамыз бар, бірақ сұрақтардың барлығы толық аударылмады. Қажетті ресурс болса алдымен ағылшын тіліне аударып, кейін түрік, араб тілінде болса дейміз. Егер жасанды интелект болса аудару тіпті оңай болар еді,- дейді IT маманы.

«Aqyl Battle» ойыны негізінде 1000-ға жуық адам сыйлық алған. Мобильді қосымшада ұйымдастырылатын турнирлер арқылы кітап, түрлі гаджет тіпті, Дубайға жолдама алғандар да бар.

Бұл жоба аясында тұтас команда жұмыс жасайды. Басты инвесторы да өзіміз. Осы уақытқа дейін «Белгілі бір сайысқа қатысып, шетелге шығыпты» дегенді естімеппін. Ал бұл зияткерлік ойын негізінде сыйлық алған жандар да бар. Тіпті, ауыл баласы осы ойынды ойнап, Дубайға жолдама алған еді. Оған бастапқыда жақындары «Ой, неге осы ойынды ойнай бересің» деп ескерту де жасаған. Бірақ ешкім оның «Жоқ, жеңіске жетіп Дубайға барам» деген сөзіне сенбеген. Бірақ өзінің білімі арқылы жолдама ұтып алып, өзінің отбасына осы ойынның шынайы екенін дәлелдеді десе болады. Қазір сол отбасының барлық мүшелері осы ойынды жарыса ойнайды екен,- деп кейіпкеріміз қызықты оқиғамен бөлісті. 

Aqyl Battle ойынын ойнау арқылы ұпайлар жинауға болады. Жинаған ұпайларды эмоциялар мен реакцияларға айырбастауға болатындай етіп жасаған. Алдағы уақытта мұны жетілдіріп, ұпайларды шынайы тауарларға айырбастауды жоспарлапты.

Айболат Құлатайдың сөзінше, зияткерлік ойынның басты ұстанымы – әділеттілік.

Бүгінде көп адам бәс тігіп, оны табыс көзіне айналдырғысы келіп жатады. Бірі жеңіп ақша ұтып алса, бәске тіккен ақшасынан айырылып қалып жатқандар да бар. Осылайша адамдар арасында сенімсіздік көбейіп кетті. Ал осы қосымша арқылы « Мен ойында жеңіске жетіп, айфон немесе шетелге жолдама аламын» деген талпыныс болады. Білім арқылы адам осындай нәтижеге жете алатынына өзі сеніп және басқаларға насихаттау керек. Біздің мақсатымыз қоғамда білім арқылы әділеттілікке жетуге болады деген сенімді ұялату,- дейді IT маманы.

Жуырда елордада «Aqyl Battle Cup» республикалық зияткерлік ойынының финалы өтті.  Атауы айтып тұрғындай, зияткерлік сайыс «Aqyl Battle» ойыны негізінде өтті.

«Aqyl Battle Cup» республикалық зияткерлік ойыны биыл алғаш рет Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен өткізілді. Іс-шараны «Болашақ Қазақстанға» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды. Басты мақсат – мемлекеттік тілді жастар арасында білім мен бірліктің негізгі белгісі ретінде насихаттау болды. Еліміз бойынша 1 мамырда басталған сайыстың бірінші және екінші кезеңі онлайн форматта, яғни «Aqyl Battle» қосымшасы арқылы өтті. Тапқыр қатысушылар финалда білімдерін ортаға салды. Додаға еліміздің барлық өңірлерінен 14-35 жас аралығындағы 150-ден астам азамат қатысты. 50 команда арасында өткен бәйгеде Абай облысының намысын қорғаған «Телқара» командасы топ жарып, миллионға ие болды.  «Тіл тағдыры-ел тағдыры» жобасы аясындағы зияткерлік ойыны 2025 жылдың соңына дейін жыл сайын өткізіледі деп жоспарланған,- дейді Айболат Құлатай.

Кейіпкеріміздің айтуынша, жақында мобильді қосымшада «KUZ OPEN» онлайн турнирі өтпек.

Сандық деректерге қарасақ, «Aqyl Battle» ойының 18-50 жас аралығындағы қолданушылар ойнайды. Жақында мобильді қосымшада «KUZ OPEN» атты онлайн турнир ұйымдастырамыз. Өйткені «Aqyl Battle Cup» зияткерлік сайысына 14-35 жас аралығындағы адамдар қатысқан еді. Кейін 35 жастан асқан ойыншылар арасында сайыс ұйымдастыру тілек білдіргендер болды. Бізде әрқашан жүлдеқоры қомақты қаржы болатын турнир жасау мүмкіндігі жоқ. Сондықтан алдағы уақытта болатын турнирді ақылы етіп, барлығына қолжетімді бағаны қойдық. Осылайша жүлде қоры жиналады. Жалпы бұл онлайн турнир тәжірибеден сәтті өтсе, онда мектептерге, яғни оқушылар мен студенттерге арналған сайыстар өтуі мүмкін,- деп IT маманы алдағы жоспарымен бөлісті.