Әлеумет

Қанша қазақстандықтың бейресми жұмыс істейтіні белгілі болды

Қазақстанда 1,2 млн адам бейресми немесе тұрақсыз жұмыспен қамтылған, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жариялаған Еңбек нарығын дамытудың 2028 жылға дейінгі кешенді жоспарында жазылған.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрілігі бейресми жұмыспен қамтудың таралуына әсер ететін маңызды фактор білім деңгейінің төмендігін мәлім етті.

-->

Қазақстанда 1,2 млн адам бейресми немесе тұрақсыз жұмыспен қамту жағдайында жұмыс істейді. Ал олардың табысы бағаланбайды. Қазақстанда бейресми жұмыспен қамту негізінен төмен табыспен және өнімділігі төмен арзан еңбекпен байланысты. Мәселен, бейресми секторда жұмыспен қамтылғандардың 40%-ы зауыттарға, фабрикаларға, ательеге (37%) және жеке қосалқы шаруашылықтарға (36%) шоғырланған. Құрылыс алаңдарында (2%), ашық базарларда (2%), меншікті автокөлік құралдарында (2%) елеусіз үлес байқалады. Сонымен қатар, бейресми жұмыспен қамту саны 15 адамнан (57%) аспайтын шағын ұйымдарға тән, - делінген құжатта.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрілігі бейресми жұмыспен қамтудың таралуына әсер ететін маңызды фактор білім деңгейінің төмендігін мәлім етті.

2021 жылы бейресми жұмыспен қамтылғандардың 59%-ы техникалық және кәсіптік, ал 23% орта білім алған. Қалған 18%-ның жоғары білімі бар. Ауылдық жерлерде тұратын адамдар бейресми түрде қала тұрғындарына қарағанда 2 есе көп жұмыс істейді», - деп көрсетілген құжатта.