АMANAT партиясы су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетіп жатыр
«Жастар рухы» жастар қанатының волонтерлері мен партия белсенділері су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсетуді жалғастыруда. Батыс Қазақстан облысында қалалық және облыстық мәслихат депутаттары, партия қызметкерлері бір күндік жалақыларын қайырымдылық қорына аударды, деп хабарлады Elorda.info.
АMANAT-тың Батыс Қазақстан облыстық филиалының атқарушы хатшысы Азамат Сафималиевтің айтуынша, партиялықтар өңірдегі төтенше жағдайдан зардап шеккендерге жан-жақты көмек көрсетуде.
«Жастар рухы» жастар қанатының өкілдері мен волонтерлері ТЖ қызметтерімен және жергілікті атқарушы органдармен бірге тұрғындарды эвакуациялауға, оларды арнайы пункттерге орналастыруға, үйлерді су тасқынынан қорғауға, су жолына инертті материал салынған қаптарды төсеуге, су бұру арықтарын қазу жұмыстарына көмектесуді жалғастыруда.
Сонымен қатар Мәжіліс депутаттары, АMANAT партиясы фракциясының мүшелері Нұртай Сабильянов пен Сергей Пономарев су тасқынынан зардап шеккен тұрғындармен кездесті. Депутаттардың айтуынша, арнайы комиссия апат салдарынан келген залал көлемін есептей бастады. Комиссия жұмысының нәтижелері бойынша зардап шеккен отбасыларға олардың шығындары өтеледі.
-->«Жастар рухы» жастар қанатының волонтерлері мен партия белсенділері су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсетуді жалғастыруда. Батыс Қазақстан облысында қалалық және облыстық мәслихат депутаттары, партия қызметкерлері бір күндік жалақыларын қайырымдылық қорына аударды, деп хабарлады Elorda.info.
АMANAT-тың Батыс Қазақстан облыстық филиалының атқарушы хатшысы Азамат Сафималиевтің айтуынша, партиялықтар өңірдегі төтенше жағдайдан зардап шеккендерге жан-жақты көмек көрсетуде.
Бүгінде біз 7,2 миллион теңге жинап, 13 тонна гуманитарлық көмек жібердік. Атап айтқанда, Қаратөбе ауданына – 7 тонна, Сырым ауданына – 4 тонна, Теректі ауданының Подстепное ауылына – 1 тонна, Орал қаласының тұрғындары үшін – 1 тонна гуманитарлық көмек жиналды. Оның ішінде азық-түліктен бөлек, балалар мен ересектерге арналған жылы киімдер, резеңке етіктер, тұрмыстық заттар және т.б. керек-жарақ дүниелер бар, - деді ол.