«Алтын адамды» тапқан профессор өмірден өтті
Әлемдік археологияға сенсациялық жаңалық әкелген профессор Әбдеш Төлеубаев өмірден озды, деп хабарлады Elorda.info.
Айта кетейік, прфессор Әбдеш Тәшкенұлы 2003 жылы Шығыс Қазақстан аймағындағы Шілікті жазығында ескі обаларды қазу нәтижесінде үшінші «Алтын адамды» тапқан болатын.
-->
Менің досым, еліміздің белгілі ғалымы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Әбдеш Төлеубаев өмірден озды. Әбдеш Тәшкенұлы тәжірибелі дала зерттеушісі және экспедициялық жұмыстардың тамаша ұйымдастырушысы бола білді.
Археологиялық ескерткіштерді анықтау және зерттеу бойынша белсенді қызмет атқарды. Ғылыми кітаптар мен мақалалар жазып, артынан зор мұра қалдырды. Соңғы 20 жылда ол Шығыс Қазақстанның Тарбағатай, Сауыр және Шыңғыстай тау бөктеріндегі археологиялық ескерткіштерді сәтті зерттеді. Ол алтыннан мыңдаған ерекше артефактілерді – ерте сақ дәуіріндегі ежелгі зергерлердің қолданбалы өнерін жинады.
Әбдеш Төлеубаевтың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Оның ардақты есімі мәңгілік жадымызда сақталады, - деп жазды Даниал Ахметов.
Айта кетейік, прфессор Әбдеш Тәшкенұлы 2003 жылы Шығыс Қазақстан аймағындағы Шілікті жазығында ескі обаларды қазу нәтижесінде үшінші «Алтын адамды» тапқан болатын.