Әлеумет

Алты өңірде мүгедектігі бар балаларға арналған шағын үйлер ашылды

Пилоттық жобаға Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Түркістан облыстары және Астана, Алматы, Шымкент қалалары қатысуда, деп хабарлады Elorda.info.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, мүгедектігі бар балаларға арналған алғашқы сыйымдылығы шағын үй Қарағандыда ашылды. Осындай сыйымдылығы шағын үйлер Көкшетау мен Шымкентте, Астанада, Түркістан облысында ашылды. Қараша айында Орал қаласында тағы бір «Ақ ниет» сыйымдылығы шағын үй ашылды.

Сыйымдылығы шағын үйлер 130 орынға есептелген.

Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған шағын үйлерде арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемі қолжетімді, атап айтқанда: әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-еңбек, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-құқықтық, әлеуметтік-экономикалық.

Орталықтарда емдік дене шынықтыру, массаж, дефектолог, логопед, психолог және т.б. кабинеттер бар.

Айта кетейік, сыйымдылығы шағын үй жағдайында қызмет көрсету стационарлық және жартылай стационарлық ұйымдардың қолданыстағы желісіне балама болып табылады және баланың отбасымен бірге болуына бағытталған. Бұл ретте мүгедектігі бар балалардың ата-аналары жұмысқа шығып, отбасының әл-ауқатын арттыра алады.

-->