Әлеумет

Алматыда жаңа туған сәбиін қоқысқа лақтырған көкек анаға іздеу жарияланды

Алматы жас босанған ана шақалақты пакетке орап, қоқысқа лақтыра салған. Қазір  полицейлер тасжүрек ананы іздеп жатыр, деп хабарлады Elorda.info КТК арнасына сілтеме жасап.

Өлі сәбиді тұрмыстық қалдықты сұрыптаумен айналысатын кешен жұмысшылары тауып алған. Пакетке оралған шақалақты көре сала, бірден тәртіп сақшыларын шақыртқан. Green Recycle серіктестігінің басшылары бүгін бізге жауап беруге құлық танытпады. Тергеу құпиясын желеу етіп отыр. Ал полицейлер туа сала тастап кеткен безбүйрек ананың жеке басын анықтап жатқанын жеткізді.

-->

 «Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Баланың анасының жеке басы және де басқа да мән-жайы анықталып жатыр. Сараптамалар тағайындалды», - деді Алматы қаласы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.