Алматыдағы жер сілкінісі: Адамдар 3-ші қабаттан секіріп кеткен
Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы түнде болған жер сілікінісі кезінде зардап шеккен адамдардың жағдайы туралы ақпарат берді, деп хабарлады Elorda.info.
Жарақат алған үш адам тұрғын үйлердің 2 және 3 қабатынан секірген.
-->Жарақат алған үш адам тұрғын үйлердің 2 және 3 қабатынан секірген.
Алматыда 23 қаңтарда болған жер сілкінісі нәтижесінде сағат 03:00-те 8 адам зардап шекті. Олар бірден қалалық ауруханаға жеткізілді Тексерістен кейін екеуі амбулаториялық емдеуге жіберілді. Үшінші науқастың жағдайы ауыр, қазір ол ауруханада жатыр. Үйден жүгіріп шыққан бес адам жарақат алды. Барлық қажетті медициналық көмек көрсетілгеннен кейін олар амбулаториялық емдеуге жіберіледі, - делінген басқарма хабарламасында.