Әлеумет

Алматы облысы прокуратурасының араласуымен жетім балаларға үй берілді

Алматы облысында прокуратура органдарының араласуынан кейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 45 жетім балаға үй берілді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Мысалы, Жамбыл ауданы прокуратурасының халықтың әлеуметтік осал топтары үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйлердің берілу тәртібіне енгізілген қадағалау актісі негізінде жетім балалар санатындағы 5 отбасының кезек реті қалпына келтіріліп, жергілікті атқарушы органдарымен тұрғын үйлер берілді.
 
Сонымен қатар, тұрғын үйлерді беру барысында жергілікті демеушілер жас отбасыларды қолдауға ерік білдіріп, қажетті тұрмыстық заттармен жабдықтады.

«Жетім балалардың құқықтарын қорғау прокуратура органдарының басты жұмыстарының бірі болып қала береді», - делінген хабарламада.